Central Asia Fashion халықаралық сән көрмесі Орталық Азия аймағындағы ең ірі, ең тартымды, ықпалды және табысты сән көрмелерінің бірі болып табылады. Кәсіби B2B форматында өткізіледі. Көрмеге сала мамандары қатыса алады. Көрмеде халықаралық брендтер өз топтамаларын кәсіби келушілерге ұсынады, ал байерлер оларға тапсырыс беріп, жаңа үрдістер немесе сән трендтері туралы ақпарат ала алады.
Central Asia Fashion – іскерлік байланыстар орнатуға және үздік іскерлік шешімдерді енгізуге арналған бірегей платформа, өз өнімдеріңізді жариялаудың және оларды таңдаулы, кәсіби аудиторияға - бүкіл Орталық Азия аймағының fashion ритейлері мен байерлеріне көрсетудің тамаша мүмкіндігі.
Көрменің негізгі элементтері
Қатысушылар
Көрмеде топтамаларға алдын ала тапсырыс беру және іскерлік серіктестерді іздеу үшін әртүрлі елдердің киімдерінің, аяқ киімдерінің, аксессуарларының сәнді брендтері ұсынылады.
Келушілер
Көрмені Орталық Азиядан 6 мыңнан астам байерлер тамашалайды. Олар үшін арнайы байерлік бағдарлама - hosted buyers program ұйымдастырылған.
Бизнес
бағдарлама
Бизнес-бағдарлама негізінде салалық конференция, оқу семинарлары, кеңес беру орталығы, вакансиялар жәрмеңкесі ұйымдастырылған
Show
Бағдарлама
Күн сайын трансформер-подиумда көрме қатысушыларының сән көрсетілімдері өтеді. Барлық сән көрсетілімдеріне тек кәсіби модельдер қатысады
Өткізу орны
Қазақстан Республикасы / Алматы қаласы
Бостандық ауданы / Тимирязев к-сі, 42
«Атакент» ҚЫІО / №11, 10, 9 павильондар
Көрмеге жеке кіру билетімен ғана қатысуға болады
Жұмыс тәртібі
10 наурыз / дүйсенбі / сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін
11 наурыз / сейсенбі / сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін
12 наурыз / сәрсенбі / сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін
СAF туралы сандар мен фактілер
Көрме форматы
Central Asia Fashion сән көрмесі офлайн режимде, кәсіби B2B форматында өтеді. Іс-шараның негізгі мақсаты мәмілелер жасауға және белсенді бизнес-процестерді жүргізуге бағытталған. Көрменің есігі байерлерге, ритейлерге, сән және шығармашылық салаларының мамандарына, бизнес және баспасөз өкілдеріне әрдайым ашық.
Тұжырымдама
Көрменің негізгі үш бағыты
- Expo
- Business
- Show
Өткізу кезеңі
Жыл сайын жылына 2 рет: көктем және күз