Central Asia Fashion халықаралық сән көрмесіне қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Көрмеге кіру сайтта алдын ала тіркелуден кейін көрме өтетін үш күн бойы тегін. Central Asia Fashion көрмесі тек сән индустриясының мамандары, сондай-ақ баспасөз өкілдері үшін ұйымдастырылған. Ұйымдастырушының көрмені тамашалауға шақыруын қабылдаған барлық тұлғалар, сондай-ақ онлайн келушілер ретінде тіркелгендер Көрмеге келу ережелерімен танысулары керек. Бұл ережелерді сақтау міндетті болып табылады!
Кәмелетке толмаған балалармен көрмеге келуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Көрмеге келу ережелері
- 1 Барлық келушілер МІНДЕТТІ түрде тіркелулері керек.
- 2 Көрмеге тек кәсіби келушілер ғана келе алады. Кәсіби келуші – бизнес иесі, жеке кәсіпкер, лауазымды тұлға, басқарушы, меңгеруші, маман, мамандандырылған шетелдік немесе отандық компанияның, кәсіпорынның, мемлекеттік органның, қауымдастықтың, кәсіподақтың іскерлік және кәсіби мақсаттарына жету үшін көрмеге келетін басқа да өкілдері. Көрме ұйымдастырушысы келушінің кәсіби мәртебесін растау үшін одан растайтын құжатты: өзінің визит картасын, сенімхатты немесе өкілдік ететін ұйымның ресми хатын, келушінің кәсіби мәртебесін көрсететін басқа құжатты ұсынуды сұрауға құқылы.
- 3 Көрмеге кіру үшін бейджді көрсету керек. Бейдж көрме аумағына кіре берістегі тіркеу үстелінде беріледі. Бейдж көрменің барлық өтетін күні жарамды.
- 4 Бейджді толтырылған шақыру билетін немесе тіркеу парағын көрсеткен кезде алуға болады. Электрондық бейджді көрменің ресми сайтында on-line тіркелу процедурасын толтыру арқылы алуға болады.
- 5 Шақыру билетін бейджге айырбастау кезінде тіркеу парағын толтыру міндетті болып табылады.
- 6 БАҚ өкілдеріне бейдждер аккредиттеу рәсімінен өткеннен кейін беріледі.
- 7 Мамандандырылған жоғары оқу орындарының студенттері көрменің үшінші күні тек оқытушының сүйемелдеуімен тиісті ЖОО әкімшілігінің ресми куәландырған студенттер тізімі бойынша кіргізіледі. Тізім көрмені ұйымдастырушымен келісілуі керек.
- 8 Келушілердің бейдждерін үшінші тұлғаларға беруге немесе сатуға тыйым салынады. Көрмені ұйымдастырушы бейджде көрсетілген аты-жөнінің келушінің аты-жөніне сәйкестігін тексеруге құқылы, бұл үшін Ұйымдастырушы көрмеге келушінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуін сұрауы мүмкін.
- 9 Көрме аумағында келушілерге ұйымдастырушының жазбаша келісімінсіз сауда жасауға, қандай да бір жарнамалық-ақпараттық өнімдерді таратуға, презентациялар, демонстрациялар, науқандар және басқа да осыған ұқсас іс-шаралар мен науқандарды өткізуге тыйым салынады.
- 10 Көрме аумағында көрменің іскерлік сипатына және жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларына сәйкес келмейтін күйде және түрде болуға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер жасауға тыйым салынады.
- 11 Көрменің ұйымдастырушысы жеке заттардың жоғалуына жауапты емес.
- 12 Кәмелетке толмаған балалармен көрмеге келуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
- 13 Осы Ережелер бұзылған жағдайда Ұйымдастырушы бұзушылыққа жол берген тұлғаға өтемақысыз көрмеге келуден бас тартуға құқылы.
Қолдарыңызды антисептикпен тазалаңыз
Жөтелгенде және түшкіргенде гигиеналық этикетті сақтаңыз
Өзіңізді нашар сезінсеңіз, медициналық орталыққа жүгініңіз