Central Asia Fashion халықаралық сән көрмесі Орталық Азиядағы fashion саласы мамандарының басым көпшілігінің бас қосатын орны болып табылады. CAF - бизнес қана емес, сонымен қатар брендті қосымша жылжытуға, сала жетекшілерімен, дизайнерлермен және стилисттермен, салалық бизнес-медиа өкілдерімен және инфлюенсерлермен жеке танысуға арналған керемет мүмкіндік.
Іс-шараны ұйымдастырушы Сatexpo көрме компаниясы, БАҚ тұрғысынан, Central Asia Fashion Халықаралық сән көрмесінің ең жарқын жеті элементін (жобасын) ұсынады. Олардың әрқайсысы материалдарыңызды дайындау үшін тамаша ақпараттық нұсқаулық бола алады.
Ақпарат көздері
CAF бизнес-конференциясы
Әр маусым сайын үш күн бойы Central Asia Fashion халықаралық сән көрмесінде салалық бизнес-конференция өтеді. Қазақстанда баламасы жоқ кәсіби платформа жылына екі рет нарықтың негізгі ойыншыларын жинайды. Бизнес-конференцияның сарапшылары / қатысушылары бизнестің дамуына әсер ететін өзекті ішкі және жаһандық экономикалық мәселелерді, оларды шешу жолдарын талқылау, соңғы маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін ұсыну және сатуды арттыратын заманауи стратегияларды қолдану тәжірибесімен бөлісу үшін бас қосады.
Сіздің ағымдағы маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін бірінші болып білуге, ритейлерлерді қызықтыратын тақырыптарды талқылауға куә болуға және fashion бизнесі мен үкімет өкілдеріне тікелей сұрақ қоюға мүмкіндігіңіз болады.
CAF Show бағдарламасы
Designer
Pool
Designer Pool – дизайнерлерді тегін қолдау жобасы – Қазақстан мен көршілес елдердің жас дизайнерлерінің дамуын ынталандырады. Бір концептуалды кеңістікте немесе жеке стендте дизайнерлер кәсіби аудиторияға өздерінің авторлық топтамаларын, маусымның жаңалықтарын ұсынады. БАҚ өкілдерімен дизайнерлер мен шығармашылық сала өкілдері өз идеяларымен бөлісе алады, сән трендтері, қазақстандық аудиторияның қалауы, жас дизайнерлік брендтердің қалай танымал болып жатқаны және басқа да өзекті тақырыптар жайлы өз ойларымен бөлісе алады.
Сән
көрсетілімдері
Көрме аясында күн сайын қатысушылар мен дизайнерлердің сән көрсетілімдері өтеді. Кешкі көйлектерді, іскерлік костюмдерді, тері өнімдерін, іш киімдерді, спорттық киімдерді және басқа да дүние жүзінің сән брендтерін кәсіби модельдер ұсынады. Толыққанды подиумы, media point түсіріліміне арналған орынмен жабдықталған bask stage аймағы бар арнайы ұйымдастырылған show area алаңы іс-шараның жарқын сәттерін көруге мүмкіндік береді.
CAF арнайы
жобалары
Central Asia Fashion жай көрмеден де артық. Іс-шарада салтанатты ашылу рәсімі, жұлдыздармен қолтаңба сессиялары, кітаптар мен фильмдердің тұсаукесері, перформанстардан тұратын show бағдарлама тұрақты түрде өткізіліп отырады. Art gallery SAF галереясында көркем әрі сәндік-қолданбалы өнер Орталық Азия суретшілерінің тақырыптық экспозициясымен ұсынылған. Жаңа есімдерге, оның ішінде: жас суретшілерге, актерлерге, сәулетшілерге, фотографтарға, сценаристтерге, жазушылар мен дизайнерлерге аса көңіл бөлінеді.
Байерлік бағдарлама
Көрмеге келушілер бүкіл Орталық Азия нарығының сән бизнесі мен сән индустриясының жарқын өкілдері болып табылады. Сән бизнесінің аймақтық өкілдері, иелері, байерлер кәсіби өсу, сауда орындарында алдын ала тапсырыс беру және тауарларды сатып алу үшін Central Asia Fashion көрмесіне тұрақты түрде қатысып отырады. Бизнес өкілдерінің, шығармашылық сала өкілдерінің атынан fashion ритейлдің барлық өзекті мәселелері, тек аймақтық нарық ойыншыларының көзқарасы бойынша қарастырылады.