Жыл сайын Central Asia Fashion көрмесі әлемнің түкпір-түкпірінен ең танымал және ірі fashion ойыншыларын бір алаңға жинайды. Көрмеде ірі өндірушілер, жеткізушілер, дистрибьюторлар, сән брендтерінің өкілдері, шағын айналымдағы фабрикалар, сән үйлері, дизайнерлер бүкіл Орталық Азия аймағының бейінді аудиториясына көрмеде өз өнімдерін ұсынуға мүмкіндік алады.
Қатысушылардың топтамалары халықаралық стандарттарға сәйкес 4000 шаршы метрден астам жабдықталған көрме алаңында ұсынылған. Сән көрсетілімдері үшін арнайы бөлінген Show area аймағы және бизнес-бағдарламаға арналған вusiness area 1500 шаршы метрден астам аумақты алып жатыр.
Келушілер туралы сандар мен фактілер
Қатысушылар
Қазақстандағы Central Asia Fashion көрмесіне қатысудың арқасында әлемнің 50 елінен 350-ден астам өндіруші өз өнімдерін ұсынуға мүмкіндік алды.
Бедел
Шетелдік брендтердің ұлттық қатысуын 45 сән ұйымы, қауымдастықтар, қорлар, федерациялар, сауда-өнеркәсіп палаталары және экспортты қолдау орталықтары қамтамасыз етеді.
Сән
көрсетілімдері
15 жыл ішінде көрме подиумында брендтер мен дизайнерлердің 1000-нан астам сән көрсетілімдері өтті. Кәсіби модельдер подиум бойымен жалпы алғанда 32 шақырымнан астам жүріп өтті.
Іскерлік қызығушылық
Соңғы бес көрме маусымында Орталық Азия аймағындағы іскерлік қызығушылық бойынша жетекші елдердің үштігіне Түркия, Еуропа, Ресей кірді.
Көрменің әр маусымында әлемнің 16 елінен келген 200-ден астам сән бренд-өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Central Asia Fashion көрмесі құрылғаннан бері 50-ден астам ел өкілдері қатысты. Оған Еуропаның 34 мемлекеті мен Азия аймағындағы 16 мемлекет кіреді.
Бірыңғай call center | +7 707 709 44 44
Қатысушылардың географиясы
- Әзірбайжан
- Армения
- Беларусь
- Бельгия
- Болгария
- Ұлыбритания
- Венгрия
- Вьетнам
- Германия
- Греция
- Грузия
- Дания
- Израиль
- Индия
- Испания
- Италия
- Қазақстан
- Канада
- Кипр
- Қытай
- Корея
- Қырғызстан
- Латвия
- Литва
- Малайзия
- Молдова
- Моңғолия
- Нидерланды
- БАӘ
- Пакистан
- Польша
- Португалия
- Ресей
- Румыния
- Сербия
- Словения
- Тәжікстан
- Таиланд
- Тунис
- Түрікменстан
- Түркия
- Өзбекстан
- Украина
- Финляндия
- Франция
- Хорватия
- Чехия
- Шри-Ланка
- Жапония
Итоги CAF Autumn-2023
Итоги CAF Spring-2023
Как проходят модные показы на выставке моды Central Asia Fashion?