Central Asia Fashion көрмесінің бизнес-бағдарламасы шараның басым бағыттарының бірі болып саналады. Әр маусымда CAF бизнес-платформасы Қазақстанның, Ресейдің, ТМД елдерінің және Еуропаның беделді сән индустриясының сарапшыларын жинайды. Көрме қазақстандық fashion ритейл нарығында жаңадан келген ойыншылар да, нарықтың беделді көшбасшылары да қызығушылық танытатын жалғыз мамандандырылған іс-шара ретінде танылды. Көрменің әр маусымында үш күн ішінде бизнес-бағдарлама аясында сән бөлшек саудасы саласындағы салалық конференция, тегін кеңес беру орталығы, вакансиялар жәрмеңкесі, стилист-практиктер командасынан «бір сағатқа стилист» сатып алуды қолдау қызметі өткізіледі.

Бизнес-бағдарламаның негізгі құрамдас бөліктері

Бизнес-бағдарламаның артықшылықтары

  • Жаңа идеялар / Даму стратегиясы
  • Тек профилді ақпарат
  • Сала басшыларының беделді пікірлері / бизнес-кейстер
  • Табысқа жетудің формуласы
  • Тиімді бизнес шешімдер
  • Бизнесті дамыту үшін жаңа кеңістіктер
  • Тиімді күреске арналған үздік тәжірибе
  • Өзекті мәселелер мен шешу жолдары
  • Сала көшбасшыларының бәсекелестік артықшылықтары
  • Жеңістің жалпы ережелері

CAF бизнес бағдарламасының сандары мен фактілері

Since 2008

Алғаш рет Сentral Asia Fashion бизнес-бағдарламасы 2008 жылы өтті және тек networking кездесулер мен B2B қарым-қатынастарынан тұрды. Даму барысында бизнес-бағдарлама кеңейе түсті және қазір әр маусым сайын: бизнес-конференцияны, салалық нарықты зерттеулерді, біліктілікті арттыру мектептерін, вакансиялар жәрмеңкесін, кеңес беру орталықтарын ұйымдастырып отырады.

Бизнес
бағдарлама

Бизнес-бағдарлама аясында бейіндік конференцияның беделді спикерлерінің 400-ден астам баяндамалары өткізілді. Егер спикердің әрбір баяндамасын подкаст ретінде шығарып, үздіксіз, күн сайын бір рет жүктейтін болсақ, бұл бір жыл 2 ай уақытқа созылар еді.

Салалық конференция

CAF бизнес-конференциясының әр маусымы 20 сағаттан асатын мамандандырылған non-stop ақпараттан тұрады. 30 маусымда айтылған ақпаратты сағатқа айналдырсақ 600 сағаттан асатын қолданбалы ақпарат ала аламыз. Атақты Istituto Marangoni институтында бакалавриат студенттеріне арналған «киім дизайны» пәнінің толық курсы орта есеппен осынша уақытқа созылады.

Біз біргеміз

CAF көрмесі – саясат пен дін әлемін қоспағанда, әлемнің түкпір-түкпірінен келген сән индустриясының кәсіпқойларына арналған кездесу орны. Бизнес-бағдарламаның қатысушылары – Азия, ТМД және Еуропа елдерінің сарапшылары. Ал келушілер – Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Қазақстанның 35 қаласынан сатып алушылар.

Бизнес-конференция Central Asia Fashion / Autumn -2022

Все о бизнес-программе Central Asia Fashion

Итоги бизнес-программы CAF Spring-2023