CAF халықаралық сән көрмесі – халықаралық брендтер келушілерге келесі маусымның топтамаларын ұсынатын Орталық Азия аумағындағы B2B форматындағы жалғыз кәсіби алаң. Көрмеге 18 елдің fashion саласының өкілдері қатысады. Байерлердің ең белсенді бөлігін Орталық Азия елдері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзірбайжаннан келген байерлер құрайды. CAF тұрақты келушілерінің арасында Қазақстанның 50 қаласынан келген мамандар да бар. CAF келушілерінің географиясы көрме делегаттарының жаңа аудиторияны тартуының, агент-өкілдердің жұмысының, сондай-ақ өңірлік кластерлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларымен ынтымақтастықтың арқасында үнемі кеңейіп келеді.
Келушілер туралы сандар мен фактілер

Келушілер
саны
Көрменің барлық 30 маусымындағы келушілерді жинайтын болсақ, 130 000 адамды орналастыруға тура келеді, ал ол үшін бізге бірден ең үлкен екі Уэмбли стадионы қажет болады.

Елдер географиясы
Көрмеге 18 елдің fashion саласының мамандары қатысады. Тұрақты келушілердің қатарында Орталық Азия елдері: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан келген байерлер бар.

Жетекші қалалар
Көрмеге Қазақстанның 50 қаласынан байерлер жиналады. Қатысушылар саны бойынша қазақстандық көшбасшылар бестігіне: Алматы, Шымкент, Астана, Қарағанды, Ақтөбе қалалары кіреді.
Көрмеге келу мақсаттары
- Жаңа брендтерді іздеу
- Алдын ала тапсырыс беру, топтамаларды сатып алу
- Іскерлік байланыстарды кеңейту
- Алдын ала тапсырыс беру үшін қолайлы шарттарды іздеу
- Бизнес-конференцияларға қатысу
- Бейінді білім алу
- Орталық Азиядағы fashion нарығына шолу жасау
- Сән көрмелеріне қатысу
- Нетворкинг, әріптестермен іскерлік қарым-қатынас құру
- Сарапшылардан кеңес алу
Все о Hosted Buyers Program CAF
Кто и как может стать участником байерской программы?
Условия участия в байерской программе