Сарапшылардың пікірлері
-
Құралай Нұрқаділова
Дизайнер, Kuralai жоғары сән үйінің директоры
Қазақстан / Алматы
Екі бөлек елдің Bezko және Kuralai брендтерінің ынтымақтастығы - Central Аsia Fashion көрмесінің қолған алған жаңа бастамасы болмақ. Осы көрмеде бір-бірімізбен танысып, бірлесіп шығармашылық жобаны бастайық деп шештік. Біздің нәтиже - бизнестің маңызды ережесінің расталғаны: егер дұрыс жұмыс жасасаңыз, нәтиже міндетті түрде болады! Bezko & Kuralai жаңа бридж-брендінің басталуының арқасында Қазақ сән үйі киімдерді шектеулі мөлшерде ғана емес, көп мөлшерде де шығара алатынын елге көрсете алдық. Қазір дизайнерлер сатып алушыларға бұрынғыдан да жақын болып, өз елінің мәдениетін шет елдерге көрсете алады. Bezko & Kuralai ынтымақтастығы – соның керемет дәлелі…
-
Инна Апенко
Mimioriki балалар киімінің негізін қалаушы, Textiline компаниясының директоры
Қазақстан / Алматы
Мен көрме ұйымдастырушыларына көрмені өзге форматта қайта жандандырғаннан кейін өздеріне қоя алған жаңа деңгей мен мүмкіндіктер үшін алғысымды білдіремін. Жаңа формат, әдемі дизайн, толыққан бизнес-бағдарламалар мен білім беру жобаларының арқасында іс-шара жандана түсті. Менің ойымша, көрменің өзін B2B саласында айқын көрсете алғаны Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған жағдай.
-
Петер Горанов
Scot Holland LLP стратегиялық консалтинг және бағалау жөніндегі директоры
Қазақстан / Алматы
Мен сарапшы ретінде көрменің бизнес-конференциясына үшінші рет қатысып отырмын. Іс-шарадан кермет әсер алдым. Көрмеде тек мақсатты аудитория жиналғандықтан, қарым-қатынас тең дәрежеде құрылады. Күрделі және терең сараптамалық-аналитикалық ақпарат ритейл өкілдерін ғана емес, сонымен қатар салалық БАҚ өкілдерін де бейжай қалдырмайтыны қуантады. Іс-шараның жалпы ұйымдастырылуын атап өткен жөн – барлығы жоғары деңгейде: көретін де, талқылайтын да дүние таба аласыз!
-
Николай Чумак
IDNT компаниясының негізін қалаушы, бас директоры
Украина / Киев
CAF көрмесінде бизнесті құру және дамыту үшін ең маңызды: шағын және орта бизнес өкілдері, ритейлерлер мен сауда орталықтары арасындағы диалог бар. Көрме барысында дүкендердің жаңа форматтары, Қазақстандағы fashion ритейлінің болашақ дамуына қатысты түрлі пікірталастар өтіп, дамыған нарық өкілдері құнды тәжірибелерімен бөлісті. Ритейлерлерге арналған барлық ақпарат практикалық тұрғыда пайдалы әрі маңызды болды.
-
Максим Горшков
“Бөлшек сауда технологиялары академиясының” коммерциялық талдаушысы
Ресей / Мәскеу
Біздің компания Central Asia Fashion көрмесімен 8 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алған әсерлеріміз туралы ғана емес, жалпы жобаның қалай өсіп, дамып келе жатқанын айта алатындай уақыт өтті.
Осы уақыт аралығында көрме кәсіби және ұйымдастырушылық жағынан керемет жетістіктерге жетті. Әсіресе, карантин, пандемия және жаһандық күйреу кездерін еске алсақ, қаншама көрмелер есін әлі жинай алмай жатыр. Ал Central Asia Fashion өте қысқа мерзім – жарты жыл ішінде нарыққа қайта оралды. Көрме қайта қалпына келіп қана қоймай, одан да жақсырақ бола түсті: жарқын және салтанатты ашылу салтанаты, тамаша экспоненттер, таңдаулы келушілер, бизнес-бағдарламаның жаңа әрі қызықты қатысушы-спикерлері.
Осындай керемет іс атқарып жатқан шараны ұйымдастырушыларға мың алғыс! Бүгінгі таңда CAF шын мәнінде Азиядағы сән нарығының басты оқиғасы болып отыр, өйткені, шынын айтқанда, біз әлі одан жақсысын көрген емеспіз.
-
Виктор Елисеев
Телепродюсер, жазушы, Select Communication Group бас директоры
Қазақстан / Астана
Пандемиядан кейін сән ритейлінің қалай қалпына келіп жатқаны туралы не айтуға болады? Біріншіден, біз ірі, әлемдік сән брендтерінің электронды коммерциясы орта есеппен 20-дан 60 пайызға дейін артқанын көріп отырмыз. Ал, жалпы алғанда, сән дүкендеріндегі сатылымның төмендеуінің алдағы бірер жылда қалпына келуі екіталай. Ритейл нарығының дамуында соңғы екі жылда біз байқауға болатын үш негізгі ерекшелікті атап өте аламын: сауданың онлайн режимге белсенді көшуі, онлайн киіп көрудің жаңа құралдарды пайдалануы, үйден шықпай-ақ киім сатып алу ауқымын кеңейтуге мүмкіндік беретін жаңа маркетплейстердің пайда болуы.
-
Эльбеги Абдиев
«ҚР сауда желілері одағы» заңды тұлғалар бірлестігі басқарма төрағасының орынбасары
Қазақстан / Астана
Мен Central Asia Fashion бизнес-конференциясына үшінші рет қатысып отырмын. Тек жағымды әсер алдым! Іскерлік қарым-қатынас үшін өте қызықты, заманауи және тиімді платформа, сонымен қатар кәсіби өсу мен даму үшін тамаша орта. Әсіресе, жаһандық саяси және экономикалық бөліну дәуірінде достық, өзара түсіністік пен бірігу атмосферасы орнаған жердің сақталып қалғаны қуантады.
CAF сән көрмесінің бизнес-конференциясы бүгінгі таңда бүкіл Орталық Азия аймағындағы сән ритейл операторлары үшін жетекші алаңдардың бірі екені сөзсіз. Біздің «бөлшек сауда желілерінің одағы» негізінен ірі бизнес өкілдерімен жұмыс істейтініне қарамастан, шағын және орта бизнес өкілдерімен тікелей байланыс орнатудың қаншалықты пайдалы екенін түсінемін. Тәжірибелеріңізбен бөліскен, әрине, жақсы, бірақ ШОБ өкілдерінен кері байланыс алу және нарықты түсіну – ол да маңызды.
-
Петуза Болано
«Еуропалық қайта құру және даму банкі» сән индустриясындағы жоба үйлестірушісі
Испания / Мадрид
Көрме ұйымдастырушылары мені Еуропалық қайта құру және даму банкі атынан бизнес-конференцияға қатысуға шақырды. Мен ойланбастан келістім, өйткені бұл саланың дамуы экономика үшін аса маңызды деп есептеймін. Қазір Қазақстан бүкіл Орталық Азия аймағындағы басты орын болып табылады. Мен үшін тоқыма өнеркәсібі мен fashion бизнесінің сарапшысы ретінде олардың қажеттіліктерін, құндылықтарын және нарық ерекшеліктерін жақсырақ білу үшін жергілікті тұтынушылармен және бизнес өкілдерімен кездесу өте маңызды.
Сондай-ақ Еуропа қайта құру және даму банкі үшін бұл кәсіпкерлерге, киім, аксессуарлар және басқа да жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндірушілерге банктің қандай гранттық бағдарламалары бар екенін айтудың тамаша мүмкіндігі. Біздің компанияларға шетелден де, жергілікті сарапшылардан да кеңесшілер тартуға, сол арқылы бүкіл аймақтың экономикасын дамытуға атсалысуға мүмкіндігіміз бар.
Все о бизнес-программе Central Asia Fashion
Образовательные проекты Central Asia Fashion
Где закупают одежду байеры из Казахстана и Средней Азии. Обзор выставки моды Central Asia Fashion