CAF бизнес-бағдарламасы 2008 жылы басталды. B2B форматына көшкеннен кейін бағдарлама әлемдік стандарттарға сәйкес келеді, жаңа құрамдас бөліктермен кеңейтілді, шетелдік және қазақстандық сарапшыларды қызықтыруда, сондай-ақ мәртебелік серіктестер бірлестігіне ие. Бизнес-бағдарламаның барлық келушілері жабдықталған келіссөздер алаңына, кеңес беру орталықтарына, fashion вакансиялар жәрмеңкесіне, "бір сағатқа стилист" қызметіне және қолтаңба беру сессиялары алаңына еркін кіре алады. 2016 жылдан бастап бағдарламаның маңызды элементі болып салалық бизнес-конференция табылады. Конференцияның басты назары Орталық Азия fashion нарығының аналитикалық зерттеулеріне, салалық сараптамаларға, практикалық ұсыныстарға, үрдістер мен трендтерді болжауға бағытталған.
Түрлі орындардағы бес бизнес-алаң
Конференц-зал
Publik talk
ашық алаңы
B2B келіссөздерге
арналған аймақ
Қолтаңба
беру алаңы
Кеңес беру
орталығы
Бизнес-бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Әр маусым сайын бизнес-бағдарламаға сән индустриясында жүрген 1500 астам тыңдаушылар қатысады. Рublic talk ашық алаңында тақырыптық семинарлар, сала жетекшілерінің панельдік пікірталастары, нарыққа аналитикалық зерттеулер жүргізген беделді сарапшылардың баяндамалары өткізіледі. Бизнес-залда отандық және шетелдік сала мамандарының тақырыптық study-семинарлары, тренингтері, мастер-кластары өтеді.
Fashion саласының мамандарына арналған бизнес-бағдарламаға бару алдын ала тіркелген жағдайда тегін болады.
Цели бизнес-программы
- Орталық Азиядағы fashion нарығының дамуы
- Ритейлердің хабардар болуын арттыру
- Нарықтың ашық болуын арттыру
- Өндірушілер мен ритейлерлер арасындағы байланысты нығайту
CAF бизнес-бағдарламасының артықшылықтары
Спикерлер мен тыңдаушылар арасындағы іскерлік байланыстардың теңдессіз сапасы
Аудиторияның 80%-ы бизнес иелері мен fashion компанияларының топ-менеджменті
Тек салалық ақпарат пен өзекті сұрақтар мен шешімдер
Fashion компанияларының бірінші тұлғалары – көшбасшылар өз стратегиясының қыр-сырларын ашып, бюджеттерді талдайды, практикалық тәжірибелерімен бөліседі
Бизнес-бағдарламасының сарапшылары мен серіктестері
- Профильді ритейл бірлестіктері
- Мемлекеттік құрылымдардың өкілдері
- Аналитикалық компаниялар және тренд-бюро
- Беделді аналитикалық компаниялар
- Әлемге әйгілі тренд-бюролар
- Әлемдік жетекші ритейл компаниялары
- Сауда орталықтарының девелоперлері мен өкілдері
- Ірі консалтингтік компаниялар
- Дизайнерлер мен стилисттер
- Танымал тұлғалар мен блогерлер
Все о бизнес-программе Central Asia Fashion
Education programm, Central Asia Fashion Spring 2015
Образовательные проекты Central Asia Fashion