Құрметті Central Asia Fashion көрмесінің қатысушылары!
Көрмені ұйымдастырушы СATEXRO көрме компаниясы келгендеріңіз үшін алғысын білдіреді және көрмеде жұмыс істеу кезінде қажет болатын ақпаратпен танысуларыңызды сұрайды. «Қатысушы нұсқаулығының» ережелерін міндетті түрде сақтау керек!
Бірыңғай call center | +7 707 709 44 44
-
1 КӨРМЕГЕ КІРУ
Павильон көрмеге қатысушылар үшін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, келушілер үшін сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін ашық болады. Экспоненттерге павильонға тек бейджбен кіруге рұқсат етіледі. Сағат 10:00-де павильонға келушілер келе бастайды. Стендіңіз келушілер келгенге дейін дайын болуына көз жеткізіңіз!
-
2 КӨШІ-ҚОН РЕЖИМІ
Қазақстан Республикасының аумағында 3 күннен астам болатын шетел азаматтары Алматы қаласының көші-қон полициясында уақытша тіркеуден өтуі керек.
-
3 ФУДКОРТ
Фудкорт көрме орталығының 11 павильонында орналасқан. Сондай-ақ стендке дейін тағамға тапсырыс беру қызметін пайдалана аласыз. Бұл мәселе бойынша кафе әкімшілігіне хабарласуға болады.
-
4 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ
Көшіру қызметтерін, келісім-шарттардың түпнұсқасын, жол жүру және есеп құжаттамасын, жүкті әкелуге/шығаруға рұқсаттарды №11 павильонның ұйымдастырушыларының кеңсесінен алуға болады.
-
5 Wi-Fi
Тегін Wi-Fi қызметін пайдалануға болады. Құпиясөзді ұйымдастырушылардың кеңсесінен алыңыз, сонымен қатар Wi-Fi роутері жалға беріледі.
-
6 ЖАРНАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
Жарнамалық өнімдерді немесе жарнамалық қызметтің басқа түрлерін Көрмеге қатысушы тек өз стендінде, келушілерге кедергі келтірмейтіндей және басқа көрме қатысушыларының құқықтарын бұзбайтындай немесе қауіп төндірмейтіндей жерлерде жайғасытру керек. Шу деңгейі 75 дБ-ден жоғары болуына, сонымен қатар техникалық құралдар мен арнайы эффектілерді пайдалануға жол берілмейді.
Осы ережені бұзған жағдайда ұйымдастырушылар ешқандай өтемақы төлемей және көрмеге қатысқаны үшін көрмені ұйымдастырушыға төлеген қаражатты қайтарусыз санкциялар қолдануға, тіпті көрмені жабуға құқылы. Көрме басшылығы стендтің мұндай элементтері мен құрылымдарын алып тастауды талап етуге құқылы.
-
7 КҮЗЕТ
Көрмені ұйымдастырушы көрме қатысушыларының жәдігерлері мен жабдықтарын күзетпейді, тек көрмедегі қоғамдық тәртіпті тұрақты қорғауды қамтамасыз етеді. Қатысушылар көрме келушілер үшін ашық болған уақытта өз заттарының сақталуына өз бетінше қамқорлық жасауы керек. Көрме ұйымдастырушысы көрмеге қатысушыға тиесілі экспонаттардың немесе басқа материалдық құндылықтардың жоғалуы немесе бүлінуі үшін жауапты емес. Көрмеге қатысушы стенд жабдығына немесе басқа көрме қатысушыларының мүлкіне келтірілген кез келген зақым үшін жауапкершілікті өзіне алады.
Көрмені монтаждау/демонтаждау күндері павильон көрме орталығының күзетімен мөрленеді.
-
8 УАҚЫТША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР
Көрме ұйымдастырушылары аудармашы қызметіне және стендке көмекші персоналға тапсырыс беру мүмкіндігін ұсынады. Қосымша қызметкерлерге тапсырыс берсеңіз, стендте жұмыс істейтін барлық қызметкерлер көрме орталығының аумағында бейдждермен қамтамасыз етілгеніне көз жеткізіңіз. Ұйымдастырушылар жүк тиеушілердің қызметін ұсынбайды.
Қолдарыңызды антисептикпен
тазалаңыз
Жөтелгенде және түшкіргенде
гигиеналық этикетті сақтаңыз
Өзіңізді нашар сезінсеңіз, медициналық
орталыққа жүгініңіз