Келушілер пікірі
-
Аида Кауменова
Дизайнер, блогер, Aida KaumeNOVA сән үйінің негізін қалаушы және иесі
Қазақстан / Алматы
Мен Central Asia Fashion көрмесіне тәнтімін! Бұл маған барлығы өз ретімен, орнымен өтетін атақты еуропалық форматты еске түсіреді. Бұл жай ғана көрмеде жүріп, ұнаған тауарды сатып алатын алаң емес, ұйымдастырушылар осы саладағы барлық сарапшыларды – компаниялар мен нақты бизнеспен айналысатын тұлғаларды жинай алатын кәсіби алаң. Іс-шараның өте қарқынды болғаны сонша, оның жалғаса бергенін қалайсың.
-
Ильмира Ахенбекова
ILMIRA ерлер киімі дүкенінің иесі, байер
Қазақстан / Шымкент
Кәсіпкерлікпен айналысқаныма 16 жыл болды. Маған өте ұнайды, себебі бұл өзімді үнемі жетілдіріп, дамытуға мүмкіндік береді. Бұл дамуда Central Asia Fashion көрмесі маңызды рөл атқарады. Көрмеде мен үнемі білім беру бағдарламаларына қатысамын. Статистика, аналитика, стилистика, трендтер, нарықтағы өзгерістер, тауарларды қалай ұсыну керек, клиентпен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек және т.б. - мұның бәрін біз Central Asia Fashion көрмесінен үйренеміз.Менің ойымша, біздің аймақ қатты өзгерді, әлеуметтік желілердің арқасында адамдар әлемдік сән трендтеріне ілесе бастады және тұтынушылық сұраныс мүлде басқаша бағыт алуда. Тұтынушылар 5-6 жыл бұрынғыға қарағанда не қалайтынын көбірек біледі және одан да көп нәрсені қалайды. Менің ойымша, біздің өңірдегі бизнестің басты қиындығы – барлық қажетті дағдыларды беретін және байер мамандығын оқытатын кәсіби білім беру жүйесінің жоқтығы. Киіміңді дене пішіміңізге, қазіргі трендтерге және түстердің үйлесімділігіне сай етіп таңдауға көмектесетін кәсіби қызметкерлер, кәсіби стилисттер жоқ. Ал, көрмеде біздің кәсіби қажеттіліктерімізді қанағаттандыруға болады, себебі жетіспейтін дағдыларды толтыру үшін мүмкіндіктер, мамандар және оқыту бағдарламалары қарастырылған.
-
Аягоз Ормагамбетова
Harson KZ аяқ киім дүкенінің иесі
Қазақстан / Ақтөбе
Менің бизнеспен айналысқаныма 25 жыл болды. Дүкенімде әйелдерге арналған сырт киім, аяқ киім, аксессуарлар, былғары сөмкелер сатамын. Айтайын дегенім, егер бұрын біз мүмкіндігінше көп аяқ киім сатумен айналысатын болсақ, қазір уақытымызды тұтынушыларға арнаймыз - сұранысты, сапаны және сәнді ұстанамыз. Ал Central Asia Fashion сияқты жобалар мен үшін Қазақстан азаматы ретінде үлкен мақтаныш. Мен өз жұмысымның аясында көптеген халықаралық көрмелерге: Мәскеуде, Түркияда, Қытайда тұрақты түрде қатысамын. Қазақстанда осындай деңгейге жеткенімізге шын жүректен қуаныштымын! Қазір дүкен иелері үнемі көптеген қиындықтармен және өзекті сұрақтармен бетпе-бет келуде: офлайн сатылымдарды қалай реттеуге болады, онлайн сатылымдарда қандай құралдарды пайдалану керек, дұрыс маркетинг пен мінзіс қызмет қандай болуы керек? Нарықтағы өзгерістердің қарқыны жылдам. Соның салдарынан біз, кәсіпкерлер, осының бәріне ілесуден сәл артта қалып отырмыз... CAF көрмесі, атап айтқанда, оның үш күндік конференциясы бізге артта қалмауға, жаңалықтарға дайын болуға, , болып жатқан өзгерістер туралы дер кезінде білуге және қажет шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Мұнда біз қызықты қазақстандық және шетелдік сарапшылармен кездесіп, жаңа брендтер мен тауарлар туралы ақпарат алмасамыз. Әсіресе, көрмеде бізге үлкен көмек көрсететін сарапшылар мен мамандардан тегін кеңес ала алатынымыз өте құнды әрі маңызды.
-
Динара Иманалиева
Di Style әйелдер киім дүкенінің иесі
Қазақстан / Шымкент
Мен әйелдер киімін сатумен 15 жылдан аса айналысып келемін. 3-4 шаршы метрлік шағын бөлмеден бастаған болатынмын, қазір, міне, 4 дүкен желісіне айналды. Қазіргі уақытта менде барлық ассортимент ұсынылған бір үлкен дүкен бар. Мен өз бизнесімді кәсіби көрмелердің арқасында дамытып жатырмын десе де болады. Қазақстанда білім беретін университеттердің сан алуандығына қарамастан, фешн-ритейл саласындағы бизнесмендерге немесе дүкен иелеріне арналған арнайы білім орталықтары жоқ. Ал бұл дұрыс емес, себебі республикалық көлемде маңызды орын алатын саланың жұмысын қиындатады. Central Asia Fashion көрмесінде біз қажетті үлгілерді сатып алумен қатар, теорияны үйренеміз, содан кейін оны тәжірибеде қолданамыз. Яғни, біз мұнда арнайы білім, кәсіби диплом аламыз деп айта аламын. Жалпы, Қазақстандағы байерлердің жұмысында басқа елдерге қарағанда айырмашылық бар деп ойлаймын, өйткені біздің менталитетіміз бөлек: кейбір әйелдер ашық заттарды көбірек сатып алмауды немесе белгілі бір жерлерін өзгерткенді жөн көреді, ал біз осыны ескере отырып, топтаманы таңдаймыз. Мен өз жұмысымда Шымкентте, елде және бүкіл Орталық Азияда сән бизнесінің қаншалықты жылдам өзгеріп жатқанын көремін. Барлық буын сәнге қызығады, киімді саналы түрде таңдауға тырысады. Адамдар гардеробын артық киімдерге толтырмай, көп жылдар бойы қызмет ететін сапалы әрі трендте болатын киімдерді сатып алады. Байерлердің міндеттері тек артып келеді, сондықтан үнемі даму маңызды.
-
Ольга Вагнер
Smaile балалар киімдері дүкендер желісінің сатып алушысы, байерлермен жұмыс істеу бойынша CAF агенті
Қазақстан / Қарағанды
Алты жыл бұрын хабарласып, мені Алматыда өтетін Central Asia Fashion көрмесіне шақырған болатын. Әрине, мен жалғыз келген жоқпын бизнестегі таныстарымды алып келдім. Өзіммен бірге жиырмаға жуық адам келді, содан кейін маған өз қаламдағы көрме агенті болуды ұсынды. Мен ойланбастан келістім, өйткені мұндай ауқымды, кәсіби және беделді жобаның елшісі болу үлкен мәртебе. Әрбір көрме бұрынғы көрмеге ұқсамайды: бірі екіншісінен жақсы, барлығы мүлдем басқа. Әлемдегі геосаяси өзгерістерге қарамастан, CAF көрмесіне әртүрлі елдерден көптеген өкілдер әлі де келіп жатқаны маңызды. Бізге, байерлер үшін бұл өзара әрекеттесу және бизнесті дамыту тұрғысынан өте құнды. Шын жүректен Central Asia Fashion көрмесінің табысты болуын, әрі қарай гүлдене түсуін тілеймін!
-
Анаркуль Иманбаева
Әйелдер киімі мен аяқ киім дүкенінің байері
Қырғызстан / Бішкек
Мен әйелдердің киімдері мен аяқ киімдерін сатамын. Алматыдағы Central Asia Fashion көрмесіне бару мен үшін кәсіби тұрғыдан өте пайдалы деп есептеймін. Мұнда мен маусымдық сән туралы білімімді кеңейте аламын, ағымдағы трендтер мен жаңа өнімдер туралы көбірек ақпарат алып, өзіме ұнайтын үлгілерді тікелей бағалап, жақыннан тексере аламын. Ең бастысы әрі ең құндысы мен осы жерде жүріп, дүкеніме тауарларға алдын ала тапсырыс бере аламын немесе сатып аламын. Кәсіби байерлік бағдарламаның болуын CAF-тың үлкен жетістігі деп санаймын. Оның жұмысының арқасында Орталық Азияның түкпір-түкпірінен және көршілес елдерден көптеген байерлер көрмені тамашалауға мүмкіндік алды. Осылайша, көрмеде кәсіпқойлардың белгілі бір қауымдастығы, тәжірибе алмасу ортасы пайда болады. Бұл байерлер мен сатып алушылар үшін жаңа сән брендтерімен көбірек танысудың және әртүрлі елдердің өндірушілерінің өнімдерімен танысудың жалғыз жолы.
-
Махмуд Одинаев
«Бухоро 27» сыртқы киім және аяқ киім дүкендері желісінің байері
Тәжікстан / Душанбе
Біздің желі Душанбедегі 5-тен астам дүкеннен тұрады, болашақта біз аймақтарға тараймыз деген үміттеміз. Дәстүр бойынша Central Asia Fashion көрмесінде болашақ маусымға арналған сатып алулар жасаймыз. Мысалы, көктемде біз негізінен тоқыма бұйымдарын сатып аламыз, ал күзде сырт киімдерге назар аударамыз және аяқ киім мен етік аламыз. Дүкеніміздің болашақ ассортиментін осы көрмеде тапсырыс беруге болады. Бұл ыңғайлы әрі үнемді! Біз үшін Central Asia Fashion көрмесінің ең үлкен артықшылығы – Тәжікстаннан, атап айтқанда Душанбеден қатты алыс еместігі. Біз Алматыға ұзақ рейссіз және визалық жүктемесіз оңай келе аламыз, ал, мысалы, Түркияға бару бұлай оңай бола қоймас.
-
Василий Титов
Байер, Indigo компаниясының иесі
Қазақстан / Көкшетау
Біздің компания көрмеге арнайы байерлік бағдарлама аясында қатысып отыр. Оған тікелей қатысуға шақыртуды көрме делегаттары Көкшетау қаласына келген кезде алдық... Біздің компания аяқ киім сатумен айналысады, бірақ жақын арада сатып алушыларға арналған ұсыныстарды кеңейту жоспарлануда. Сол себепті қазір бізді сырт киімдер, теріден жасалған өнімдер, тондар ерекше қызықтырады. Көрмеде бизнесімізге жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, тиімді келісім-шарттар жасай алдық. Әрине, мен жаңа серіктестермен ынтымақтастықты жалғастырғым келеді... Келуші ретінде іс-шараның нағыз жоғары кәсіби деңгейі мен сапасын ерекше атап өткім келеді. Көрменің келесі маусымын асыға күтеміз!
-
Айнур Ахметова
Pink Label қазақстандық концеп-дүкеннің негізін қалаушы, байер
Қазақстан / Алматы
Көрменің танымалдығы артып, одан әрі қарқын алуда. Жыл сайын жаңа қатысушылар, іскерлік бағдарламаның спикерлері, қызықты форматтар мен шешімдер. Бұл жолы нарықтың жаңа қатысушыларымен кездесу, өзім үшін жаңа брендтерді ашу, сән сатушының күнделікті өміріндегі өзекті мәселелер мен проблемаларды талқылау мүмкіндігіне ие болдым...
-
Елена Закирьярова
Let's Go сән бутигінің иесі, байер
Қазақстан / Алматы
Мен көрмеге бірінші рет келіп отырған жоқпын және менің бизнесім үшін өзекті бірнеше тапсырманы бірден шешкенім үшін қуаныштымын: жаңа жеткізушілерді табу, жаңа брендтер ашу, бутигім үшін жаңа қызықты үлгілерге алдын ала тапсырыс беру. Әр келген сайын өзім үшін жаңа қызықты брендтерді табудамын және бұл бизнесті дамыту үшін тамаша мүмкіндік. Болашақта табысты ынтымақтастық жасаймыз деп сенемін.
-
Мадинара Дюсембаева
Байер, Flirt in Fashion әйелдер киімдері мен аксессуарлары дүкенінің иесі
Қазақстан / Алматы
Көрмеде сөз сөйлегеннен кейін маған fashion бизнесімен тікелей айналысатын: маусымнан маусымға дейін сауда жасайтын, тәуекелге баратын, алаңдайтын келуші-әріптестерім келді. Біз тәжірибелерімізбен бөлістік, байланыс деректерімізбен алмастық және шешімдерді іздедік. Бұл мен үшін fashion саласында жүрген уақытымдағы ең маңызды сәттердің бірі болды. Менің тәжірибемнің өзгелерге пайдалы болғаны мен үшін маңызды. Осындай қажетті жобаны жүзеге асыра білген ұйымдастырушылар – САТЕХРО компаниясына мың алғыс!
Отзыв посетителя выставки CAF Autumn-2024
Отзыв посетителя выставки CAF Autumn-2024
Отзыв посетителя выставки CAF Autumn-2024