Қатысушылар пікірі

  • Джульетта Греппи

    E.M.I.- Ente Moda Italia қауымдастығы

    Италия

    E.M.I.- Ente Moda Italia италяндық қауымдастығы Сentral Asia Fashion көрмесіне бірнеше маусымнан бері қатысып келеді. Көрменің тек жақсарып келе жатқанын, итальяндық қатысушы-компаниялар үшін барған сайын қызықты болып келе жатқанын көрудеміз.  Біз мұндай кәсіби өсудің жалғасын табатынына сенімдіміз, сол себепті итальяндық компаниялардың көрмеге жиі қатысуын қуана-қуана ұйымдастыруға дайынбыз.

  • Фабрис Рауль

    DIDIER PARAKAIN компаниясы

    Франция

    Франция Қазақстанда өтетін көрмелерге қуана-қуана қатысады. Елдің келешегі зор нарығы бірнеше жылдан бері қарқынды дамып, шетелдік инвесторлардың үлкен қызығушылығын тудырып отыр. Central Asia Fashion көрмесіне қатысу бізге Қазақстандағы және бүкіл Орталық Азия өңіріндегі импорттық өнімдерге сұранысты толыққанды зерделеуге, сонымен қатар тек жергілікті кәсіпкерлермен ғана емес, басқа да шетелдік компаниялардың өкілдерімен пайдалы байланыс орнатуға мүмкіндік береді...

  • Киран Махмуд

    International Fur Federation (IFF) қаржы және жаһандық іс шараларға қатысу жөніндегі директоры

    Ұлыбритания / Лондон

    Менің ойымша, Азия, Қытай және Ресейді даму мүмкіндігі жоғары, келешегі бар аймақтарға жатқызуға болады. Ресей Еуразия аймағында аң терісінен жасалған бұйымдарды ең көп тұтынушы екені анық. Біз үздік тәжірибелерді, этикалық стандарттарды және тұрақты өсуді ілгерілету үшін тері өнеркәсібінің негізгі ойыншыларымен үнемі ынтымақтасуға тырысамыз. Қазақстанның тері нарығындағы белсенді рөлі біздің көзқарасымызға сәйкес келеді және біз елдің тері саласының мүдделі тараптарымен әріптестікті нығайтуды асыға күтеміз. Халықаралық тері федерациясы үшін Elite Line көрмесінің сәтті өтуіне өз үлесімізді қосу және қоғамдастықпен тәжірибемізбен алмасу үлкен құрмет. Осы жобаға қатысу арқылы біз жауапты тәжірибелерді, тұрақтылықты және тері мен былғарыны, сұлулықты насихаттауды мақсат етеміз.

  • Ян Беляев

    Ресей Ұлттық аяқ киім одағының (NOBS) бас директоры және Euro Shoes premiere collection халықаралық аяқ киім көрмесінің негізін қалаушысы

    Ресей / Мәскеу

    Біз әлемнің жылдам өзгеріп жатқанын көріп отырмыз. Әрине, біз бұл өзгерістерге де тез бейімделуге тырысамыз. Сондықтан жалпы саланың одан әрі дамуына тек бірлесе үлес қоса алатынымызды көріп отырмыз. Қазақстандағы Central Asia Fashion көрмесіне екінші рет келіп отырғанымыз қуантады. Біздің ойымызша, бұл әлемдегі барлық аймақтық экспо-жобалардың ішіндегі ең жылдам дамып келе жатқан, прогрессивті, кәсіби және ұзақ тарихы бар көрме.

  • Мустафа Пашахан

    IHKIB Ыстамбұл дайын киім экспорттаушылар қауымдастығының Вице-президенті

    Түркия / Стамбул

    Біздің экспортта Қазақстанмен сауда маңызды орын алады. Өткен жылы Қазақстанға 250 миллион доллардың тауарын экспорттадық. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылмен салыстырғанда экспорттың мөлшері 80 пайызға артты. Алты айда 193 миллион долларға жеттік. Оның ішінде Қазақстанға әкелінетін дайын киімдердің 25 пайызға жуығы Түркиядан келеді. Алдағы жылдары бұл көрсеткішті арттыра аламыз деп сенеміз. Біз Орталық Азия аймағындағы ең маңызды CAF көрмесіне үлкен мән береміз.

  • Фарход Нурмухаммедов

    «Узчармсаноат» қауымдастығы төрағасының орынбасары

    Өзбекстан / Ташкент

    2018 жылы саланы қолдау мақсатында Президенттің Жарлығы шықты, содан бері өндірушілерге көптеген жеңілдіктер, соның ішінде өте жақсы инвестициялық жағдайлар жасалды. Бұрын аяқ киімге қатысты «Made in Uzbekistan» деген ұғым жоқ еді. Соңғы бес жылдың ішінде халықтың көзқарасы өзгерді, қазір біз өзімізде шығарылған аяқ киімдерді киеміз. Бренд жасау үшін уақыт қажет болды, бұл біздің қолымыздан келді. Сапалы аяқ киім тіге аламыз, халықтың жартысынан көбі өз өндірушілерімізді таңдайды. Біздің аяқ киімдердің бағасы басқа өндірушілерге қарағанда әлдеқайда төмен, бағасы мен сапасына қоса, қазірдің өзінде қытайлықтармен бәсекелесудеміз. Сонымен қатар бізге жақсы инвестициялық жағдай жасалған. Өткен жылы Өзбекстан 460 миллион доллардан астам өнімді экспортқа жіберген. Ал Қазақстан бұл тізімде алғашқы орындардың бірін иеленуде, мәселен, экспорт бойынша өткен жылы Қытай мен Ресейден кейін Қазақстан 16,5%-дық үлеспен үшінші орынға жайғасты. – Қазақстанда да инвесторлар үшін өте үлкен мүмкіндіктер бар екенін білеміз. Осыған байланысты қазірдің өзінде біздің бірнеше кәсіпорынның Қазақстанда, атап айтқанда, Түркістан облысында өндіріс орындарын ашуға қатысты бірқатар келісімдері мен ниеттері бар. Болашақта Қазақстанның басқа аймақтарында да өндіріс ашуды жоспарлап отырмыз.

  • Сергей Столбов

    Ресейлік үлпек-ұлпан одағының (РПМС) президенті

    Ресей / Мәскеу

    Біз Қазақстандағы көрмемен серіктестікке ынтамен және оң көзқараспен қараймыз. Соңғы 3-4 жылда аң терісі өнеркәсібіндегі тауар айналымы 30 пайызға қысқарды. Ресейде аң терісінің саудасы импортқа бейімделді. Табиғи аң терісінен жасалған тауар айналымының 65 пайызын Қытай алып жатқан болатын. Енді Түркия елі де өндіре бастады. Кейбір ойыншылар кетсе, басқалары орнын басуда - нарықтан өз орныңды алып, жеке фабрикаларды кеңейту керек, тек тоқыма, былғары ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда да табиғи аң терісімен белсенді айналысу керек. Бірақ қалай болғанда да, тері өнімдері бар, ертең де және тағы 70-90 жылдан кейін де бола бермек. Бұл ұзақ мерзімді салымдар: Кеңес заманында әжелеріміз бен ата-аналарымыз киген киімдерді сандыққа сақтап, алып шығарып отырған. Сондай-ақ қазір киімдерді қалпына келтіру мен қайта өңдеу үрдісі орын алуда, бұл тіпті экологтар мен жануарлар құқығын қорғаушылардың көңілдерінен шығуда.

  • Альберто Скаччони

    EMI - Ente Moda Italia қауымдастығының бас директоры

    Италия

    Көрменің нәтижелеріне қуанып қайтып барамыз. Көрмеге қатысқан фэшн-дистрибуция саласындағы байерлер мен операторлар жаңа топтамаларды жоғары бағалады. Итальяндық өнімдер мен стиль Қазақстанда жоғары бағаланады. Бұл нарықта олар абсолютті сапаның синонимі болып табылады, сондықтан біздің шағын және орта компаниялар үшін нарыққа ену мүмкіндіктері өте жоғары.

  • Рената Шымкорейт

    Германияның Қазақстандағы бас консулы

    Германия

    Германия Central Asia Fashion көрмесінде жалпы стенд-павильонның аясында ұсынылған. Көрмеге ара-тұра түрлі неміс компаниялары қатысып жатқанымен, сатып алушылардың қызығушылығы әлсіреген жоқ. Бұл ең алдымен нарықтың дайындығын және ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін көрсетеді. Барлық мүдделі тараптарды «ояту» және барынша белсендіру үшін қазақстандық нарыққа шетелдік тауарларды шығарумен айналысатын дистрибьюторлық жүйе мен сауда желілерін жетілдіру қажет. Бұл тек Алматыға ғана емес, Қазақстанның басқа аймақтарына да қызықты болатынына сенімдімін. Көрменің көктемгі салонында белсенділік пен іскерлік ынтымақтастыққа дайындығын Шымкент, Тараз, Қарағанды, Астана сияқты қалалар да көрсетті.

  • Сергей Безкоровайный

    Bezko компаниясының бас директоры

    Ресей / Мәскеу

    Сentral Asia Fashion көрмесіне қатыспас бұрын қазақстандық дизайнер Құралай Нұрқаділова туралы ештеңе білмедік, себебі Қазақстан бізді қатты қызықтырмаған еді. Жолымыз болып, дәл осы жерде және Құралай сияқты жоғары деңгейдегі кәсіпқоймен бірге ресейлік-қазақстандық бірлескен дизайн брендін құру туралы жаңа идеяны жүзеге асыра алғанымызға қуаныштымыз. Маңызды кездесулер үшін көрмеге алғысымызды білдіреміз!

  • Хикмет Унал

    Istanbul Textile and Apparel Exporters Association өкілі

    Түркия

    Қазақстанда түрік өндірушілерінің тоқыма бұйымдарын өте жақсы көреді және жоғары бағалайды. Әрбір отбасында «Made in Turkey» белгісі бар ерлер, әйелдер немесе балалар киімдері бар десек те болады. Сол себепті біздің бірлестік көрмеге бірден 10 ірі түрік киім өндірушілерін әкелді. Әр маусым сайын бизнесті дамыту үшін жаңа серіктестер табу арқылы өзара ынтымақтастығымызды нығайтып, кеңейтудеміз...

  • Гаро Сузмеян

    ALKIS TEKSTİ ÜRÜNLERİ SAN.VE TİC.A.Ş. компаниясы

    Түркия

    Біз Central Asia Fashion көрмесін табысты әрі нәтижелі платформа деп санаймыз. Алматыдан және Қазақстанның басқа қалаларынан келген клиенттеріміздің көбісін осы көрмеде кездестіреміз. Жылына екі рет біздің клиенттер компания стендіне келіп, жұмыс мәселелерін шешеді, топтамаға тапсырыс береді немесе алдын ала тапсырыс береді. Жыл сайын үнемі жетілдіріліп тұратын және келушілердің қызығушылығын тудыратын сән көрсетілімдері мен дефиле тапсырыс берушілерімізбен орнататын ынтымақтастығымыз үшін маңызды рөл атқарады.

  • Антонио Гаваццени

    EMI - Ente Moda Italia президенті

    Италия

    Central Asia Fashion күзгі салоны өзін Орталық Азиядағы сән саласының ең маңызды алаңы ретінде дәлелдеді. Біздің Ресей, Еуропа елдері арасындағы шиеленістерге және халықаралық саяси жағдайларға қатысты алаңдаушылығымызды қол жеткізілген нәтижелеріміз жоққа шығарды. Қазақстанда өткен үш көрме күнінде итальяндық компаниялар тамаша жұмыс жасады: қатысушылардың көрмеге келу деңгейі соңғы басылымдарда айтылған нәтижелерін растады

  • Петра Блейбом

    Messe Duesseldorf GmbH халықаралық көрме компаниясы

    Германия

    Германия Федеративтік Республикасының Экономика және энергетика министрлігінің бастамасымен жасалған «Made in Germany» мемлекеттік бағдарламасы аясында біз үшінші рет неміс павильонын ұйымдастырып отырмыз. Әр жолы қатысушыларымыз көрмеден риза болып қайтады, сол себепті, сөзсіз, бұл жобаға жыл сайын қатысуға дайынбыз...

    Қазақстан сән нарығының өсіп, дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Оған куә іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуы және кәсіби шеберлік деңгейінің үнемі өсуі

  • Екатерина Ермоленко

    POMPA компаниясының өкілі

    Ресей

    Біздің компания әртүрлі әлемдік сән көрмелеріне бұрыннан қатысып келеді, бұл біздің Қазақстандағы алғашқы қатысуымыз. Көрмеге бір немесе бірнеше дүкендермен жұмыс істейтін мақсатты көтерме саудагерлер мен сатып алушылардың келетініне өте қуаныштымыз. Көрме барысында көптеген байланыстар орнатып, алдын ала тапсырыстар жасадық. Мұндай нәтижені күткен емеспіз!

CAF Autumn-2023 көрмесіне қатысушының пікірі

CAF Autumn-2023 көрмесіне қатысушының пікірі

CAF Autumn-2023 көрмесіне қатысушының пікірі