Әр маусымда Central Asia Fashion көрмесіне әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ге дейін сән брендтері қатысады. Стендтерде топтамаларға алдын ала тапсырыс беріліп, сатылып алынып жатса, подиумда байерлік және дизайнерлік көрсетілімдер өткізіліп жатады.

Көрмеге Орталық Азияның сән индустриясының мамандары, оның ішінде Қазақстанның 50 қаласынан байерлік бағдарлама бойынша келген қатысушылар қатысады. Бизнес-бағдарлама келушілерге арналған арнайы нетворкинг қызметінен, мамандандырылған бизнес-конференциясынан және білім беру жобаларынан тұрады.

CAF көрмесінің тұжырымдамасы

EXPO

Көрме қатысушылары өз өнімдерін таныстырып, бренд/өнім/қызметі туралы хабарлайды, жаңа сатып алушылар, серіктестер, сауда өкілдерін табады. Стандартты жинақтамадағы немесе жеке жабдықталған стендті таңдау мүмкіндіктеріне ие.

ВUSINESS

Бизнеске бағытталған ауқымды «Бизнес-бағдарлама» бизнес-конференциядан, салалық зерттеулерден, mini MBI бағдарламасынан, білім беру семинарларынан, кеңес беру орталығынан, вакансиялар жәрмеңкесінен тұрады. B2B бағдарламасы мен нетворкинг аймақтық дилерлермен, дистрибьюторлармен, компаниялардың бас директорларымен кездесулерді ұйымдастыруды қамтиды.

SHOW

Жалпы ауданы 1500 шаршы метрді құрайтын арнайы жабдықталған Show area аймағында ашылу салтанаты, сән көрсетілімдері, тұсаукесерлер, жұлдыздармен қолтаңба сессиялары, қайырымдылық fashion жобалары, сала көшбасшылары мен инфлюенсерлермен панельдік пікірталастар, CAF AWARDS сыйлығы мерекелік шарасы өтеді.

Өткізу орны

Қазақстан Республикасы / Алматы қаласы
Бостандық ауданы / Тимирязев к-сі, 42
«Атакент» ҚЫІО / №11 павильон

Жұмыс тәртібі

18 тамыз / жексенбі / сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін
19 тамыз / дүйсенбі / сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін
20 тамыз / сейсенбі / сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін

Көрменің өтетін орны туралы

Қазақстан / Алматы қаласы

Алматы – республикалық маңызы бар қала және Қазақстан Республикасының ең ірі елді мекені. Еліміздің аты аңызға айналған мәдени астанасы, 1997 жылға дейін еліміздің астанасы болған қала және Алматы облысының әкімшілік орталығы. 2021 жылдың басындағы «халық санағы» деректері бойынша Алматы қаласының тұрғындарының саны 19 77 011 адамды құрайды.

«Атакент» - Алматы қаласындағы Қазақстандық ынтымақтастық іскерлік орталығы (ҚЫІО). Атакент – өзінің сауда және ойын-сауық орталығы, қонақ үйі, мейрамханалары мен кафелері, көп функционалды кешені бар еркін кіруге болатын бірегей саябақ аймағы.
«Атакент» ҚЫІО – Алматыдағы жалғыз кәсіби көрме кешені. Ол өткелдер арқылы қосылған 6 заманауи көрме павильонынан тұрады. Көрме павильондарының жалпы ауданы 20 мың шаршы метрден асады. Әрбір павильонның жеке есігі мен жүк қақпасы бар.
CAF көрмесі дәстүрлі түрде №11 павильонда өтеді. Павильонның жалпы ауданы 4500 шаршы метрді құрайды. Көрме залы заманауи көрме технологияларының барлық талаптарына толығымен сәйкес келеді.

СAF туралы сандар мен фактілер

  • Алғашқы халықаралық Central Asia Fashion сән көрмесі 2006 жылдың күзінде өтті
  • 2022 жылдың күзінде CAF өзінің 15 жылдығын және 30-шы маусымын атап өтті
  • Бір fashion алаңында әртүрлі континенттерден келген 50 ел бас қосады
  • 45 аса халықаралық ұйым ұлттық қатысуды қамтамасыз етеді
  • 18 елден кәсіби келушілер жиналады
  • Көрмені Орталық Азияның 6 аймағынан байерлер тамашалайды
  • Әр маусым сайын 3 күн бойы networking пен B2B қарым-қатынас
  • Көрме алаңының жалпы ауданы 5000 шаршы метрден асады
  • Әр маусымда арнайы байерлік бағдарлама арқылы 3000-нан астам келушілер келеді
  • 2011 жылдан бастап fashion ритейл бойынша салалық бизнес-конференция өткізіліп келеді
  • Сала мамандарының біліктілігін арттыру үшін mini MBA бағдарламасы өтеді
  • Білім беру жобалары өткізіледі: «Сатушы мектебі» мен «Байер мектебі»
  • Show area және ұйымдастырылған бизнес кеңістіктердің аумағы 1500 шаршы метрден асады
  • Әр маусымда 30-дан астам сән көрсетілімдері мен дефиле
  • Көрме аясында ART gallery CAF, жұлдыздармен қолтаңба сессиялары, фильмдер мен кітаптардың тұсаукесерлері өтеді
  • Көрменің бренд-амбассадорлары арасында беделді сарапшылар, байерлер, блогерлер, инфлюенсерлер кездеседі

Итоги бизнес-конференции CAF Autumn-2024

Отзыв Партнера выставки CAF Autumn-2023

Модные показы CAF Autumn-2024