Құрметті БАҚ өкілдері: журналисттер, редакторлар, блогерлер, фотографтар, операторлар. Central Asia Fashion халықаралық сән көрмесіне қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Іс-шараға қатысу үшін АЛДЫН АЛА аккредитациядан өтулеріңізді сұраймыз.
Аккредиттелген журналисттер «Баспасөз» белгісі бар төсбелгіні, пресс-релизді және іс-шараның басқа да ақпараттық материалдарын, сондай-ақ көрме жұмыс істеп тұрған кез келген күні көрмені тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Аккредиттеу парағын толтыру кезінде сарапшылармен, дизайнерлермен, көрме басшыларымен немесе қатысушылармен сұхбат ұйымдастыру қажеттілігі туралы көрсету керек.
Аккредиттеу жарияланымдарда, репортаждарда немесе сюжеттерде Central Asia Fashion көрмесінің немесе іс-шараны ұйымдастырушы - Сatexpo компаниясының атауы көрсетілген жағдайда беріледі.

Бизнес-конференцияның post материалдарын пайдалану кезінде дереккөзді көрсету керек: Central Asia Fashion бизнес-конференциясы. Фотосуреттерді пайдаланған кезде: Central Asia Fashion баспасөз қызметін көрсету керек.

Материалдарға барлық эксклюзивті құқықтар CAF сән көрмесінің ұйымдастырушыларына тиесілі. Фотосуреттерге барлық құқықтар авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы қазақстандық және халықаралық заңнамамен қорғалған.

Іс-шараға қатысу үшін аккредитациядан өтуіңізді сұраймыз.

Берілгенмен осы нысанда мен көрсеткен дербес деректер «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына (атап айтқанда, 6-бап, 7-бап, 19-бап) сәйкес келетіндігін растаймын, сондай-ақ оларды өңдеуге келісімімді беремін. Бұл ретте Көрме ұйымдастырушысы жеке деректерді олардың құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтай отырып өңдеуге міндеттенеді.
captcha
Reload