Central Asia Fashion халықаралық сән көрмесінің волонтерлік бағдарламасы мен волонтер қызметіне байқау сән әлеміне еніп, Орталық Азиядағы ең беделді fashion іс-шараларының командасының бір бөлігі болғысы келетіндердің барлығына арналған. Іс-шара бағдарламасы: сән көрсетілімдерден, бизнес-конференция мен сән топтамаларының үлгілерінен тұрады.
Сән индустриясымен жақынырақ танысып, мамандықтың қыр-сырын білгіңіз келсе, сәнге бизнес ретінде қарап, сән индустриясында өзіңізді сынап көргіңіз келсе, онда міндетті түрде волонтер болып көруіңіз керек! CAF волонтерлерін тәжірибе, жаңа танысулар мен шет тілінде сөйлеу мүмкіндігі күтеді, «мамандықты ішкі жағынан көріп», өздерін не қызықтыратынын және не қызықтырмайтынын түсінеді.
Өтініштер 2024 жылдың 23 ақпанына дейін қабылданады.
Таңдалған үміткерлермен байланысып, сұхбат алуға шақыратын боламыз.
Волонтерлерге қойылатын талаптар
- Белсенді болу және тапсырмаларға жауапкершілікпен қарау
- 6 күн жұмыс істеуге дайын болу, түскі ас пен тамақтануға үзіліс беріледі
- Жақсы қарым-қатынас жасай алу, күйзеліске төзімді, тиянақты болу
- Шет тілін білгені артық болмайды
CAF волонтерлік қызметінің негізгі бағыттары
- Тіркеу аймағындағы байланыс: қонақтарды, журналисттерді, сарапшыларды, спикерлерді, келушілерді қарсы алу және жол көрсету.
- Сұхбаттарды ұйымдастыруға көмек көрсету, экспоненттерді лингвистикалық сүйемелдеу (ағылшын тілін, басқа да шет тілдерін білу).
- Журналисттерді, фотографтарды, сарапшыларды, қонақтарды тіркеу.
- Show area мен бизнес-конференцияда қонақтар мен көрермендерге арналған орындарды ұйымдастыру.
- Сән көрсетілімдері мен bask stage-ді үйлестіру. Модельдермен, стилисттермен, бренд өкілдерімен жұмыс істеу.
Волонтерлікке қатысты сұрақтар бойынша
Түйіндеме жіберу үшін е-mail: info@catexpo.kz
Бірыңғай call center
Волонтерлер кураторы - Милена Ершова
Волонтерлік бағдарламаға қатысудың артықшылықтары
- Ауқымды халықаралық шараның бір бөлігі болу мүмкіндігі
- Беделді fashion-business іс-шарасында жұмыс тәжірибесін алу
- Өз портфолиоңыз үшін халықаралық волонтер сертификатын алу
- Іс-шараның үш бағытының кез келгенінде өз бағыңызды сынап көру мүмкіндігі: экспо, бизнес, шоу
- Университетке түсу кезінде және «волонтер төлқұжатына» қосымша ұпай алу мүмкіндігі
- Дипломдық жұмыс жазу үшін практикалық материал алу
- Өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігі
- Оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі
Все о волонтерской программе Central Asia Fashion
CAF волонтерлігіне өтінім қалдыру
Волонтерcкая программа СAF Autumn-2021
Волонтерская программа выставки моды CAF Spring-2022
Волонтерcкая программа СAF Autumn-2022