ART gallery CAF
Көрменің әр маусымында шығармашылық аймақ – ART gallery CAF галереясы ұйымдастырылады. Алаңда жеке pop up экспозициялары, ART инсталляциялары, Қазақстан мен Орталық Азияның шығармашылық индустриясы өкілдерінің жұмыстарының көрмелері орналастырылған. Көрме тұрақты түрде ақысыз жас және танымал қазақстандық суретшілерді, фотографтарды, дизайнерлерді, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін ынтымақтастыққа шақырады.
CAF адам өнерді емес, өнер адамды табатын өнермен қарым-қатынастың заманауи форматын белсенді түрде насихаттайды. Қарым-қатынастың негізгі мақсаты - заманауи өнерді қолжетімді және түсінікті ету, танымалдығын арттыру және оны қалың жұртқа насихаттау.
Кітаптардың / фильмдердің тұсаукесерлері
Көрмеде кітаптардың, фильмдердің, сериялардың, технологиялардың, брендтердің шығармашылық тұсаукесері өтеді. Тұсаукесер жеке тұлғалармен немесе көрменің өзімен ұйымдастырылуы мүмкін. Тұсаукесерлерге авторлар, продюсерлер, режиссерлер, суретшілер, дизайнерлер, актерлер қатысады. Тұсаукесер барысында қонақтар мен баспасөз өкілдеріне жаңа шығармашылық өнім туралы айтылады, үзінділер көрсетіледі, костюмдердің эскиздері, матадан жасалған баспалардың графикалық бейнелері ұсынылады.
Жұлдыздармен қолтаңба беру сессиялары
CAF көрмесінде жұлдыздармен: көрнекті дизайнерлермен, бестселлер авторларымен, топ модельдермен, театр және кино актерлерімен, сериалдар жұлдыздарымен, танымал орындаушылармен, блогерлермен қолтаңба беру сессиялары жиі өткізіліп тұрады. Кездесулер арнайы жабдықталған Avtograf Area алаңында өтіп, келушілер мен баспасөз өкілдерінің назарын аударады. Қолтаңба сессиялары аясында сұрақ-жауап сессиясы, бейнеконтент көрсету, сұхбатты жазу қосымша ұйымдастырылуы мүмкін.
Көрмедегі шоу бағдарлама
Көрменің ажырамас бөлігі – іс-шараның бірінші күні CAF ашылу салтанатында және соңғы күні - Central Asia Fashion Award сыйлығында орын алатын жарқын шоу-бағдарлама. Іс-шараның аясында қойылымдарды, би ұжымдары мен жарқын жас бишілердың өнерлерін тамашалай аласыздар.
Жергілікті сән апталықтары мен дизайнерлер байқауларымен бірлесіп, диджейдің сүйемелдеуімен сән көрсетілімдері өткізілетін болады.
Ашылу салтанатының қонақтары арнайы көрсетілімдерімен шыққан дизайнерлер: Құралай Нұрқаділова, Аида Кауменова, Тарбия Айдымбаева, Kazakhstan Fashion Week қазақстандық сән апталығына қатысушылары, New Generation Open Way жас дизайнерлер байқауының жеңімпаздары
CAF ашылу салтанатының жұлдызды қонақтары
- «Қазақстан аруы - 2015» сұлулық ханшайымы - Әлия Мергенбаева
- Бестселлер авторлары: Виктор Елисеев, Юлия Вешнякова
- Суретшілер: Нұрлан Абишев, Асель Бекжан, Салтанат Ташимова, Мия Крыжановская
- Блогерлер: Диана Снегина, Асель Зои, Яна Бобрыка, Сабина Рустембаева, Евгения Ким