Іс-шараға ДЕЙІН көрменің кең ауқымды жарнамалық науқаны кәсіби аудиторияның қатысушылардың брендіне / өніміне назарын аударуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қосымша маркетинг құралдарын кеңінен қолдану қатысушыға сатып алушы-келушілердің назарын аудару әсерін күшейтуге немесе толықтыруға мүмкіндік береді.
Сіздің көрмеге қатысуыңыз барынша тиімді болғаны біз үшін өте маңызды және компанияңызды жарнамалау мақсатында әзірленген қызметтер кешенін қосымша ұсынуға дайынбыз.
Көрме қатысушысын жарнамалау мүмкіндіктері
- Exhibition Guide көрме нұсқаулығында түрлі-түсті жарнама модулін орналастыру.
- Көрменің мекенжайлық базасы бойынша жарнамалық және ақпараттық материалдарды қосымша онлайн жіберу.
- Келуші-байерлер пакеттеріне жарнамалық және ақпараттық материалдарды салу.
- Бизнес-конференцияға келушілер үшін жарнамалық-ақпараттық материалдарды бизнес-залда, show area аймағында орналастыру
- Бизнес-конференцияның жұмыс дәптерлеріне компанияның жарнамалық модулін салу / орналастыру.
- Брендтің бейнеролигін көрме күндері экранда, show area аймағында трансляциялау.
- Көрмеге келушілер арасында брендтің жарнамалық материалдарын промоутерлердің таратуы.
- Конференцяның бизнес-залының ішіне баннерді орналастыру.
- Қатысушының бренд презентациясын / тақырыптық семинарын өткізу үшін бизнес залды жалға алу, 1 сағат.
- B2B келіссөздер аймағындағы үстелдерге флайерлерді, баспа материалдарын орналастыру.
- Павильон ішінде компания логотипі бар баннерді/туды ілу.
- Көрменің әлеуметтік желілерінде: Instagram, Facebook, Telegram, Vkонтакте жеке жарнамалық пост / бренд туралы хабарландыру.
Қатысушы стендін рәсімдеу мүмкіндіктері
- Бренд логотипін стенд ішіндегі қосымша фриздік панельде орналастыру
- Брендтің жарнамалық модулін Oracal пленкасына басып шығару, монтаждау және түсіру
- Стенд панельдерін Oracal түсті пленкасымен қараңғылау
- Стенд ішіндегі қабырға панельдерін безендіру (баннерде үлкен форматты басып шығару)
- Люверсті толық түсті баннер жасау
Қатысушылар киім топтамаларын көрсету арқылы әлеуетті сатып алушыларға өнімді ұсынып, жаңа топтама бойынша нақты кері байланыс алуға мүмкіндік алады. Сән көрсетілімдеріне қатысу көрме қатысушылары үшін де, сатып алушылар үшін де маңызды. Өндірушілер өз өнімдерінің артықшылықтарын алға тартып, байерлерді көрмеде тікелей тапсырыс берулеріне көндіре алады. Ал байерлер өздерінің дүкендері үшін сатып алушылар арасында сұранысқа ие болатын жаңа топтамаларға тапсырыс бере алады.