CAF көрмесіндегі hosted buyers program кәсіби байерлік бағдарламасы 2008 жылы ұйымдастырылған. Оның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің өңірлік сатып алушыларын қолдау және тарту.
Бағдарламаның барлық қатысушылары арнайы қызмет пен қосымша қызметтер пакетін көрмеге ДЕЙІН және көрмеге қатысу КЕЗІНДЕ пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Байерлік бағдарлама коммерциялық жоба болып табылмайды және оған қатысушылар тарапынан ешқандай материалдық шығынды талап етпейді. Байерлік бағдарламаға қатысу тегін.
CAF байерлік бағдарламасы жыл сайын шекарасын кеңейтіп отырады және алты: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей елдерін қамтиды.
Жыл сайын тегін байерлік бағдарламаға Қазақстанның 33 қаласынан және бес елден келетін 3000-нан 6000-ға дейін келушілері қатысады. Әр маусымда hosted buyers program бағдарламасына қатысу арқылы аймақтық сатып алушылар CAF сән көрмесіне қаржылық қиындықтарсыз қатысып, қосымша қызметтер пакетін алу мүмкіндігіне ие болады.
- Қазақстан
- Тәжікстан
- Қырғызстан
- Өзбекстан
- Әзірбайжан
- Ресей
Байерлік бағдарлама туралы сандар мен фактілер

hosted buyers program
Осы уақытқа дейін hosted buyers program кәсіби байерлік бағдарламасын23 000 адам пайдаланған. Бағдарламаның барлық қатысушыларына 4* қонақүйде тұру және жол жүру шығындары ұйымдастырушылардың есепбінен төленген.

Байерлер
елі
2013 жылдан бастап мамандандырылған бизнес форматқа көшкеннен бері көрмеге кәсіби келушілер саны 66 621 адамды құрады. Бұл Кариб теңізіндегі ең танымал мемлекет – Доминикан Республикасының халқының санына тең.

Бағдарлама географиясы
Жыл сайын байерлік бағдарламаға Қазақстанның 33 қаласынан келетін 3000-нан 6000-ға дейін келушілер қатысады. Бағдарламаға қатысушылар үшін ерте брондау көрменің басталуына төрт ай қалғанда ашылады.
Байерлік бағдарламаға қатысудың артықшылықтары
Ұйымдастырушының есебінен жайлы нөмірлі қонақүйде (4*) тұру мүмкіндігі
Белгілі бір сомаға жол шығындарын өтеу
Қонақ үй-көрме-қонақ үй бағыты бойынша ұжымдық тасымалдау
Көрмеге қатысатын компаниялардың жоғары лауазымды тұлғаларымен жеке кездесулер ұйымдастыру
Келіссөздер мен іскерлік кездесулер үшін арнайы жабдықталған бизнес-аймақты тегін пайдалану
B2B қызметін еркін пайдалану
B2B бағдарламасына қатысушылар үшін бөлек VIP тіркеу үстелі
Көрмеге дейін және оның барысында ілеспе ақпараттың толық пакеті
- Аймақтық сатып алушылар мен Қазақстан және Қырғызстанның жекелеген аймақтарынан келген қатысушылардың жол жүру және қонақ үйде тұруына жеңілдіктер беру туралы шешімді ұйымдастырушылар қабылдайды. «Қонақ үй-көрме-қонақ үй» бағыты бойынша тасымалдау кестесі мен уақыты туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығынан немесе көрмедегі тіркеу үстелдерінен алуға болады.
- Қонақ үйді, нөмір санатын таңдау байерлік бағдарламаға қатысуға өтінім берудің мерзімі мен қолжетімділігіне байланысты. Бағдарлама бойынша ұсынылатын барлық қонақ үйлер Алматы қаласының орталық бөлігінде және көрме өтетін жерге жақын жерде орналасқан. Барлық ұсынылған қонақ үйлердің санаты мен қызмет көрсету деңгейі бірдей таңғы ас негізінде жүреді.
- Ұйымдастырушыларға қонақ үйге тіркелу және тұру кезінде орын алған өзгерістер туралы ақпаратты іс-шара басталғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын хабарлау қажет. Байерлік бағдарламаға қатысушы қонақ үйде тіркелу және тұру ережелерін бұзған жағдайда, бұл әрекетке ұйымдастырушылар жауапты болмайды.
Все о байерской программе Central Asia Fashion