Қатысушыларға

Оформление пропуска «участник выставки»
Көрмеге келгеннен кейін «қатысушы рұқсат қағазын» қалай алуға болады?
Көрмені ұйымдастырушының кеңсесіне жүгіну қажет
Қатысу жарнасына қанша «қатысушы рұқсат қағазы» кіреді?
Қатысу шартына сәйкес қатысушы рұқсат қағазы немесе бейдж әр 12 шаршы метрге 3 бейдж есебінен тегін беріледі.
Қатысушы рұқсат қағазы жоғалған жағдайда, жаңасын алуға болады ма?
Иә, көрмені ұйымдастырушының кеңсесіне жүгіну қажет. Аты-жөні мен компанияның атауы көрсетілмеген жаңа қатысушы рұқсат қағазы жоғалған құжаттың орнына беріледі.
Оформление пропуска на монаж/демонтаж оборудования
WiFi желісіне қалай қосылуға болады?
Көрмені ұйымдастырушының кеңсесіне жүгіну қажет
Аудио және бейне презентация техникасын қалай және қай жерден жалға алуға болады?
Көрмені ұйымдастырушылар келісімшарт пен белгіленген прайсқа сәйкес барлық қажетті қосымша жабдықтармен қамтамасыз етеді.
Келіссөздерді қалай ұйымдастыруға болады?
Көрмедегі барлық коммуникацияларға сату менеджеріңіз көмектеседі.
Қорытынды құжаттарды дайындау
Көрме бойынша қорытынды құжаттарды қалай және қайдан алуға болады?
Көрменің соңғы күні көрмені ұйымдастырушының кеңсесінде.
Көрмеден кейін қорытынды құжаттармен қалай алмасуға болады?
Қазпочта, құжаттарды жіберумен немесе жеткізумен айналысатын логистикалық компания арқылы. Корреспонденцияға арналған мекенжай:
Catexpo халықаралық көрме компаниясы
Шолом Алейхем к-сі, 5 үй, 1 кеңсе
Алматы қаласы, Бостандық ауданы
Қазақстан Республикасы, 050040
Көрмеге қатысқаны туралы дипломды қалай алуға болады?
Қатысу туралы диплом көрменің соңғы күні стендте қатысушыларға беріледі
Көрменің exibition guide нұсқаулығын қалай алуға болады?
Еxibition guide нұсқаулығының баспа нұсқасын көрме кезінде ұйымдастырушылар кеңсесінен немесе тіркеу үстелдерінен алуға болады.
Еxibition guide нұсқаулығының электронды нұсқасы көрменің ресми сайтында, «көрме» бөлімінде орналастырылған.

Келушілерге

Көрмеге тіркелу
Көрмеге қатысу үшін не істеу керек?
www.fashionexpo.kz сайтында «Келушілер» бөлімінде немесе менеджер пошта немесе whatsapp арқылы жіберген сілтеме бойынша онлайн тіркелуден өту керек. Тіркелу туралы толық БЕЙНЕ нұсқаулықты көрменің youtube арнасынан көруге болады.
Онлайн тіркелу не үшін керек?
Онлайн тіркелу көрмеге кіру уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Көрмеге келген күні, көрмеде тіркелуге болады ма?
Иә. Ертерек келіп, шыдамдылық танытуыңыз керек, тіркелу кезек бойынша өтеді. Аймақтық келушілер үшін: көрме күні тіркелген қатысушылар «қонақ үйге орналастыру» қызметін пайдаланала алмайды, ол үшін алдын ала брондау қажет.
Көрмеге кіру ережелері
Көрмеге кімдер қатыса алады?
CAF көрмесі тек сән индустриясының мамандары, сондай-ақ баспасөз өкілдері үшін ұйымдастырылған, сондықтан көрмеге кіру тек кәсіби келушілер үшін ашық. Кәсіби келуші – бизнес иесі, жеке кәсіпкер, лауазымды тұлға, басқарушы, меңгеруші, маман, мамандандырылған шетелдік немесе отандық компанияның, кәсіпорынның, мемлекеттік органның, қауымдастықтың, кәсіподақтың іскерлік және кәсіби мақсаттарына жету үшін көрмеге келетін басқа да өкілдері.
Ұйымдастырушылар тіркеу үстелінде қандай растайтын құжаттарды сұрауы мүмкін?
Ұйымдастырушы келушінің кәсіби мәртебесін растау үшін келесі құжаттарды сұрауға құқылы: Жеке кәсіпкердің куәлігі, жалдау шарты, жеке визит карточкасы, өкілдік ететін ұйымның сенімхаты немесе ресми хаты, келушінің кәсіби мәртебесін көрсететін басқа да құжат. Жеке куәлік, шетел төлқұжаты немесе жүргізуші куәлігі келушінің кәсіби мәртебесін растайтын құжат болып табылмайды.
Көрмеге балалармен бірге кіруге болады ма?
Кәмелетке толмаған балалармен көрмеге кіруге тыйым салынады.
Студенттер көрмеге кіре алады ма?
Студенттер көрмеге кіре алмайды. Ұйымдастырушылардан шақыру алған және куратордың сүйемелдеуімен fashion индустриясына қатысты салада оқитын университет студенттері кіре алады.
Байерлік бағдарламаға қатысу
Байерлік бағдарламаға қатысу үшін не істеу керек?
Киім, аяқ киім, аксессуарларды сатумен байланысты бизнестің иесі болуыңыз және тиісті құжаттарды (ЖК тіркеу куәлігі, талон немесе жалдау шартын) көрсетуіңіз қажет. Қонақ үйлерді алдын ала брондауды жүзеге асыратындықтан, өтінімдер қатаң белгіленген мерзімде қабылданады.
Tel: +7 (727) 339 06 90, Моb.: +7 (777) 014 36 18 Татьяна Юрченко
Тегін қонақ үйде тұру мүмкіндігі кімдерге беріледі?
Байерлік бағдарламаның қатысушыларына, атап айтқанда, ҚР әртүрлі аймақтары мен көршілес елдердің компанияларының басшыларына. Аймақтық сатып алушылардың қонақ үйде тұруы немесе көлік шығындарының белгілі бір сомасын өтеу бойынша шешімдерді ұйымдастырушылар қабылдайды.
Қонақ үйлер қай жерде орналасқан?
Байерлік бағдарламаға қатысушылар Алматы қаласындағы 4* қонақ үйлерде тұратын болады:
«Қазақстан» қонақ үйі (Достық даңғылы, 52/2)
Holiday Inn Almaty қонақ үйі (Достық к-сі, Абай қиылысы)
«Казжол» қонақ үйі ( Гоголь көшесi, 127/1)
Қонақ үйге қалай және қашан орналасу керек?
Қонақ үйге орналасу уақыты – 14.00, шығу уақыты 12.00 (күндізгі). Орналасу мерзімінен бұрын немесе кешіккен жағдайда, қосымша төлемді, қонақ үйде босы орын болған жағдайда, келуші өз есебінен төлейді.
Байерлік бағдарламаны бір компанияның бірнеше адамы пайдалана алады ма?
Жоқ. Бұл бағдарлама бойынша бір компаниядан бір адам - басшы немесе тауарларды сатып алуға уәкілетті тұлға ғана қатыса алады.