Алматыда Орталық Азияның сән әлеміндегі ауқымды шара өтті

34-ші Central Asia Fashion Autumn-2024 Халықаралық сән көрмесі және 5-ші Elite Line Халықаралық аяқ киім, тері, былғары және аксессуарлар көрмесі

Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей, Пәкістан, Түркия, Өзбекстан, БАӘ, АҚШ, Германия, Франция, Италия және Гонконгтан келген 158 қатысушы сән бұйымдарының 40-қа жуық тобын ұсынды. Негізгі сегменттер – 2024/2025 күз-қыс маусымына әйелдер мен ерлер киімдерінің, кешкі көйлектер, тері бұйымдары мен аяқ киімдердің жаңа топтамалары. Шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Тәжікстаннан 6770-тен астам байелер қатысты.

Elite Line көрмесі Euro Shoes және Elite Line & Central Asia Fashion серіктестігі аясында өткізіледі. Euro Shoes қолдауымен көрмеге әртүрлі елдерден 25-тен астам аяқ киім компаниясы қатысты. Тері нарығына ірі ойыншылардың (41 компания) қатысуы Орталық Азияда ұсынылған тері брендтерінің қатарын айтарлықтай кеңейтті. Флагмандық компаниялардың қатарына HKPC - Гонконг өнімділік кеңесінің қолдауымен KSIAD және HONG KONG FUR FEDERATION түрік тері өнеркәсібі мен кәсіпкерлер қауымдастығы кіреді.

CATEXPO компаниясының директоры Метин Арслан маусым сайын жаңа қатысушы елдер пайда болатынын және орталықазиялық сатып алушыларға тотамаларды көтерме бағамен сатып алуға мүмкіндік беретін B2B форматы сақталғанын атап өтті: «Осы бағыттағы жүйелі жұмыстың арқасында Қазақстан аймақтағы көшбасшылық дәрежесін сенімді түрде сақтап келеді және көрме Орталық Азияның сән әлеміндегі ең ірі оқиға болып қалуда. Осы жобаны жыл сайын дамытуға көмектесіп, сол арқылы елімізге назар адартып, инвестиция тартуға атсалысқан жандадың барлығына алғысымды білдіремін».
CAF қонақтарының көпшілігі жобаның қалыптасуына қатысып, оның халықаралық деңгейде мойындалғанының куәгері болуда. Түркиямен ынтымақтастық бұл мәселеде маңызды рөл атқарады. Түркияның Қазақстандағы Бас консулы Еврен Мудеррисоглу ашылу салтанатына жиналғандарды құттықтай отырып, екі ел экономикасының белсенді дамып келе жатқанын атап өтті, ал Түркияның тері өнеркәсібі және кәсіпкерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Али Явуз Бойнукис үш жыл бұрын көрмеге тек 3 компания, ал Autumn-2024 маусымында – 14 компания қатысқанын еске салды.
Ресей Ұлттық аяқ киім одағының бас директоры Ян Беляев қатысушылар мен байерлерге жақсы тапсырыстар, тауарлардың тез жеткізілуін және төлемнің уақытылы жасалуын тіледі: «Euro Shoes және Elite Line серіктестігі өз жемісін сөзсіз беруде. Барлық көрмелерде total look толыққанды сегментін көру мүмкін емес, ал қазір байерлердің бір жерде киім мен аяқ киімге тапсырыс беру мүмкіндігі бар. Бұл тұрақтылықтың кепілі. Бәрі тұрақсыз болып жатқан әлемде көрме тұрақты болып қалмақ. Әрқашан осындай болып қала берсін!»

Көрмедегі шығармашылық премьера

Әрдайым жарқын әрі тосын сыйларға толы ашылу салтанатында Орталық Азияның сән әлеміндегі трендтер ұсынылды. 2024/2025 күз-қыс маусымының негізгі трендтерінің бірі - этникалық мотивтер. Елдер мен мәдениеттердің қайталанбас этно бояуын бейнелейтін заманауи, ыңғайлы киім сәнде. Дизайнерлер мәдени бірегейлік пен ұлттық киімдер дәстүрін сақтауға барынша назар аударуда. Өздеріңіз білетіндей, бұрын түрлі киімдер шығармашылықтың бөлігі ретінде ғана емес, адамның қоғамдағы орнына жауапты болған

Ашылу салтанатында Sara Fashion брендімен қазақстандық дизайнер Жадыра Жамансарина (топтама CAF Autumn-2024 көрмесінде көрсету үшін арнайы жасалған) және Baira брендімен қырғыз дизайнері Толгонай Байра өз топтамаларын ұсынды. Этникалық мотивтердің көмегімен әйелдер мен ерлер үшін керемет киім үлгілерін жасап, олардың көптің көзіне, айтпай-ақ түсуіне мүмкіндік сыйлайды.

Жаңа өсу нүктесіндегі бизнес-конференция

Көрменің бизнес-бағдарламасы күзгі маусымда дамудың жаңа сапалы кезеңін көрсетті. Үш күн бойы келушілер үшін тегін кеңес беру орталығы, интернет-маркетинг мектебі, бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, білім беру жобалары – «Сатушы & байер мектебі», mini MBA бағдарламасы жұмыс істеді.

Өз кезегінде, CAF бизнес-конференциясы бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ арнайы мамандандырылған шара ретінде еларалық деңгейге жетті. Autumn-2024 маусымында 24 сессия өткізіліп, онда Нидерланды, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның беделді спикерлері сөз сөйледі.

Болашақ тақырыбы қысқа және ұзақ мерзімді перспективада бизнес-конференцияда кеңінен талқыланды. Мәселен, «Бизнес пен сатып алушыларға жаһандық «болжам-2050» панельдік талқылауында сарапшылар қоғамдағы негізгі трендтерді талқылады: жаһандық қартаю, гиперурбанизация және жасанды интеллекттің қарқынды дамуы. Бұл ретте жоғарыда аталған әлемдік проблемалардың бизнеске қалай әсер ететініне басты назар аударылды. 2050 жылға қарай жер бетінде 100 жастан асқан 4 миллион адам болады деп болжануда (қазіргі уақытта 65 жастан асқан халық 10% құрайды, ал 2050 жылы бұл көрсеткіш 22% құрайды), ал халықтың 80%-ы ірі қалаларда тұрады. Осы факторлардың әрқайсысының оң және теріс жақтары бар, олар сарапшылардың бағалауы бойынша бизнес пен қоғамға тікелей әсер етеді.