Fashion индустрия мамандарына арналған Орталық Азиядағы ең ірі B2B іс-шарасы 2024 жылдың 11-13 наурызы аралығында Алматы қаласында өтеді.
Central Asia Fashion халықаралық сән көрмесі 33-ші маусымға дайындалуда.
Fashion индустрия мамандарына арналған Орталық Азиядағы ең ірі B2B іс-шарасы 2024 жылдың 11-13 наурызы аралығында Алматы қаласында өтеді. Киім, аяқ киім мен аксессуарлар өндірушілері, сондай-ақ байерлер, бизнес-бірлестіктердің, сауда желілерінің, СОСО мен нишалық өңірлік БАҚ өкілдері қалыптасқан дәстүр бойынша Наурыз мейрамының қарсаңында Алматы қаласында «Атакент» ҚІЫО жиналады. 15 елден келген сән саласының кәсіпқойлары Central Asia Fashion қатысатындарын растады. Мұндай елдердің қатарында: Түркия, Италия, Франция, Германия, Испания, Польша, Финляндия, Ресей, Беларусь, Үндістан, Қытай. Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан өндірушілері қалыс қалмай, Central Asia Fashion көрмесінің көктемгі маусымына қатысады. Бүкіл құрлықтан жиналған 170 жуық компаниялар үш күн бойы өз топтамаларын жеткізу тапсырыстары бойынша, дистрибьюторларды іздеу, сондай-ақ бизнесті дамыту бойынша түрлі диалогтарға қатысады. Central Asia Fashion статистикасына сәйкес іс-шараның әр маусымына осы саланың бірнеше кәсіпқойлары қатысады. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей мен басқа елдердің мамандары іс-шараға қатысу қарқыны бойынша көшбасшылар болып табылады. Ұйымдастырушылардың болжамы бойынша көктемгі маусымға Азияның әртүрлі елдері мен ТМД елдерінен 9 000 астам байерлер қатысады деп күтілуде. «Көрме қатысушылары мен сән саласының барлық ойыншыларына арналған жаңа маусым Қазақстанның ритейл-нарығы айтарлықтай жанданған кезеңде өтеді, - деп Central Asia Fashion бас директоры және бизнес-бағдарламасының жетекшісі Милена Ершова атап өтті. - Ағымдағы жағдай бренд-компанияларға Орталық Азиядағы клиенттер мен бизнес-серіктестердің санын арттыруға тамаша мүмкіндік бермек. Ұзақ уақыт ішінде алғаш рет қатысушы-маркалардың үлкен «күту тізімі» қалыптасты. Жалпы алғанда, шетелдік және жергілікті экспоненттердің саны екі есе артты, сонымен қатар тағы бір көрсеткіш – көрмеге қатысушы байерлер санының артқанын да атап өткен жөн. Жоғарыда аталған барлық деректерді, сондай-ақ Орталық Азия өңіріне деген бұрын-соңды болмаған қызығушылықтың артуын ескере отырып, біз hosted buyers programm кәсіби байерлік бағдарламасына инвестицияларды арттырдық. Сонымен қатар, алдағы маусымда бизнес-конференция аясында Орталық Азияда баға қалыптастыру және глокализация сияқты өзекті тақырыптың қозғалуымен салалық зерттеулер мен сауда сараптамасына басымдық береміз. Және де, бизнес-конференцияға үш жаңа бірегей формат қосылды: «зияткерлік ритейл-баттл», TED talks стиліндегі мотивациялық сессия және «SMM мектебі». Fashion-сарапшы Милена Ершова: «Central Asia Fashion көрмесінің 33-ші маусымының мақтанышы - «кеңестемелік орталық», «бос орындар жәрмеңкесі» және «бір сағаттық стилист» қызметі. CAF көрмесіне келушілерге арналған барлық танымал және су тегін жобалар өз дамуында жаңа қарқын алды. Бұл мақсатта біз Орталық Азиядағы ең ірі «Style.session Концептуалды Стилизация Мектебі және стилисттер қауымдастығымен», жұлдызды имидж-стилист Мади Бекдаирмен, және көрнекі мерчандайзинг пен маркетинг бойынша көптеген тәжірибелі сарапшы-практиктермен ынтымақтаса бастадық».
Show-бағдарлама мен сәнді көрсетілімдер
Central Asia Fashion 33-ші маусымында осы маусымның өзекті үрдістерін көрсететін және шеберлік, стиль мен өнеркәсіптік инновациялардың ерекше үйлесімін көрсететін қатысушы-брендтердің сәнді көрсетілімдері де жоспарланған. Көрмені ұйымдастырушылар алдағы көрме маусымында дефилеге қатысу үшін берілген өтінімдердің саны айтарлықтай артты деп атап өтті. Орташа есеппен көрменің бір маусымында қатысушы-брендетр CAF подиумында ассортименттің алуан түрлілігі мен экспоненттердің кәсіби деңгейін көрсететін сәнді киімдердің 50 астам жаңа топтамаларын көрсетеді. CAF жаңа маусымы подиумға жаңалықтар енгізуден де қалыс қалмайды. Осылайша, көрменің екінші күнінде көрермендерге «Style Session Азияның стилисттер қауымдастығының» қатысуымен мамандандырылған байерлік көрсетілімнің жаңа үлгісі ұсынылады. Көрме экспоненттерінің түрлілігін әлемдік сән үрдістеріне сәйкес шұғыл талдаудан кейін стилисттер капсулалық гардеробқа арналған он коммерциялық табысты бейнені ұсынады. Брендтердің алуан түрлілігі жағдайында стилисттер көйлек, пиджак, аяқ киім, аксессуарлар, сырт киім мен тағы басқаларын бірыңғай бейнеге жинақтап, көптеген стилистикалық нұсқаларда сарапшылардың пікірлерімен ұсынатын болады.
Бизнес-бағдарлама және салалық конференция
Central Asia Fashion көрмесінің іс-шаралар кестесінде дәстүрлі түрде қарқынды бизнес-бағдарлама басты орын алады. Бұл маусым бизнес-конференция, салалық зерттеулер, білім беру жобалары, тегін кеңестемелік орталық, «бос орындар жәрмеңкесі», «бір сағаттық стилист» және бірқатар жаңа жобаларды қамтиды. Осылайша, бизнес-бағдарлама CAF ашылуынан екі ай бұрын білім беру жобаларынан басталады. Қазақстандық байерлер үшін көрменің жаңа жобасы - «SMM мектебі» аясында тегін вебинарлар ұйымдастырылады. Оларды «Практикалық интернет-маркетинг мектебі» MSB негізін қалаушы және директор Майгуль Бургебаева өткізеді. Ал көрменің өзінде, 2024 жылдың 11-13 наурызында семинар өткізіп, панельдік пікірталасқа қатысып, тегін кеңестемелік орталықта фэшн-сала өкілдеріне кеңес береді, сондай-ақ дәстүрлі «CAF бос орындар жәрмеңкесін» өткізеді. Дәстүрлі түрде CAF кестесі үш күндік салалық бизнес-конференцияны қамтиды. Оның көктемгі маусымы өңір үшін айтарлықтай ауқымды, маңызды және fashion-индустриядағы ең өзекті тақырыптарды қамтиды. Осылай, Қоғамдық пікірді және нарықты кәсіби зерттеушілердің Қазақстандың ассоциациясы ҚПКЗҚА алғаш рет үлкен аудиторияға «тұтынушылық патриотизм» феноменіне арналған бірегей салалық зерттеулердің эксклюзивті деректерін ұсынады. Конференцияға қатысушылар сараптамалық зерттеуден қазақстандық сатып алушыға жасалатын fashion ұсыныстың қандай болатынын, қазақстандықтардың бірегей ерекшеліктері, олардың жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, дәстүрлері, сән мен сыртқы келбетке деген қарым-қатынастары қандай екенін біледі. Сонымен қатар, тыңдармандар сандар арқылы діннің сән талғамынақ қалай әсер ететіні және қазақстандықтардың бірегей мәдени кодының қандай екенін білетін болады. Қазақстандықтар қандай фильмдер, музыка, әдеби шығармалар, авторлар, кейіпкерлер, қайраткерлер, БАҚ, гастрономиялық тағамдарды жақсы көретіндерімен таныс болады. «Орталық Азиядағы глокализация» тақырыбына арналған панелдік пікірталас та қызықтық болмақ. Пікірталас барысында тыңдармандар әлем мен Орталық Азиядағы жаһандылық пен жергіліктілік үрдістерінің қайда апаратынын біле алады. Орталық Азия елдеріндегі демографиялық жағдай қалай өзгереді және тағы басқалар. Эксперттер мен сарапшылар жаһандық және жергілікті мүдделер мен бағдарлар үйлесімінің икемді стратегиясының жергілікті нарықтарға төніп тұрған жаһанды қауіпке лайықты жауап болғанын талқылайды. Сондай-ақ бизнес-конференцияда ритейлде баға қалыптастыру дағдарасы тақырыбына, баға өсімінің қазақстандық сатып алушыға қалай әсер ететініне және олардың мінез-құлқында қандай жаңа әдеттердің қалыптасатынына ерекше көңіл бөлінеді. Бизнес-конференцияны ұйымдастырушылар маркетинг және сәнді ритейлдегі сатып алушы психологиясы тақырыбын көңілден тыс қалдырмайды. Осылайша, халықаралық тәжірибесі бар имидж-стилист, Азия Стилисттері Қауымдастығы мен @style.session Концептуалды Стилизация Мектебінің негізін қалаушы, Milan Fashion Week және Paris Fashion Week ресми стилисті Мади Бекдаир аудиторияға сатып алушылар психологиясындағы жаппай апгрейд туралы айтатын болады: бүгінгі таңда клиенттер нені және неліктен сатып алады. Өз кезегінде, шақырылған эксперттер бизнес-конференцияның панелдік пікірталасында сән бизнесіндегі жаңа медианы, сондай-ақ өзгерістерден қалай қорықпай, трендтерді өз пайдамызға қалай қолдана алатынымыз жайлы пікір білдіретін болады. Көрменің 33-ші маусымы бизнес-конференциялар аясында жаңа үлгілердің енгізілуімен ерекшеленеді. Көрермендер «Бизнесті жаңаша бейімдеу» тақырыбына «зияткерлік баттлға» куә болады, сондай-ақ соңғы жылдары ең танымал үлгілердің біріне айналған - TED talks стиліндегі арнайы мотивациялық сессияны көреді.
Кеңестемелік орталық және «Бір сағаттық стилист»
Сонымен қатар, CAF тегін кеңестемелік орталығы жұмысының аясында бірнеше бизнес-топтар ынтымақтастыққа шақырылды: үш күн бойы мерчендайзерлер, стилисттер мен диджитал-мамандар жеке және өте қарқынды кесте бойынша тегін жеке және топтық кеңестемелер мен шеберлік сыныптарын өткізеді. Бұдан өзге, Central Asia Fashion Spring-2024 халықаралық сән көрмесіне кәсіби келушілер үшін «шеф-байер» немесе «бірсағаттық стилист» - нарықтың жаңа жағдайына бейімделген сатып алуды сүйемелдеудің бірегей түрі өз жұмысын жалғастырады. Сән индустриясының өкілдері имидж-стилист Мади Бекдаирден, Style Session Орталық Азия стилисттерінің қауымдастығына кіретін эксперттердің бір тобынан және Brand Sense көрнекі мерчендайзинг агенттігінен кеңес алатын болады. Стилист-практиктер тобы өз білімдерімен бөлісіп, бизнес иелеріне дүкендегі тауар толтырылымын есептеп, аудиторияның бейнесін талдауға, сәтті топтамаларды жинауға көмектеседі, сондай-ақ тауар сатып алу және орналастыру жөнінде кеңестер береді. Олег Темниковтың мерчендайзинг бойынша ритейл-эксперттер тобының және Brand Sense көрнекі мерчендайзинг агенттігінің мамандары да құнды кеңестер береді. Fashion ритейл саласындағы практиктер бөлшек сауда бизнесі туралы сұрақтарға жауап беріп, дүкеннің тауарлармен толтырылуы, витринистикадағы трендтер, тауарлар түрлілігін басқару туралы айтып, көрнекі мерчендайзинг бойынша кеңестер беретін болады. Қызметкерлерді таңдау, маркетинг және SMM тақырыбы айрықша өзекті болып табылатындар үшін үш күн бойы «Практикалық интернет-маркетинг мектебінің» негізін қалаушы Майгуль Бургебаева кеңестеме береді.