Алматыда өткен 32-ші Central Asia Fashion (CAF) халықаралық сән көрмесінде және Elite Line аяқ киім, тері, былғары және аксессуарлар халықаралық көрмесінің төртінші маусымында сән қауымдастығының өкілдері Орталық Азия аймағындағы fashion-бизнесінің дамуы туралы сөз қозғады. Сарапшылар қазір бірлік пен ынтымақтастықтың уақыты екеніне бір ауыздан келусіде.

Central Asia Fashion 32-шы Халықаралық сән көрмесінің ашылуы

«IHKIB» Ыстамбұл дайын киім экспорттаушылар қауымдастығының мәліметі бойынша Түркия сән экспорты бойынша әлемде 6-шы, Еуропада 3-ші орында тұр. Осылайша, 21 мыңнан астам қатысушылары бар қауымдастық мүшелері Түркия Республикасындағы барлық дайын киім экспортының 70 пайызын құрайды.

Өзбекстанның былғары-аяқ киім және үлпек-ұлпан өнеркәсібінің өкілдері де дамуға қызығушылық танытуда, Құрамына 700-ден астам кәсіпорын кіретін «Узчармсаноат» қауымдастығы төрағасының орынбасары Фарход Нурмухаммедовтың айтуынша, реформалар мен мемлекет қолдауының арқасында бүгінде республика халқының басым бөлігі жергілікті өндірісті таңдайды, ал бизнес белсенді экспортқа ұмтылуда.

Бұған қоса алғаш рет көптеген байерлер мен fashion саласының мамандары арасында кеңінен танымал Euro Shoes экспо жобасы қазақстандық Elite Line көрмесінің серіктесі болды. Сала мамандарының айтуынша сала бірлестік пен ортақ шешімдерді талап етеді. «Біз әлемнің жылдам өзгеріп жатқанын көріп отырмыз. Әрине, біз бұл өзгерістерге де тез бейімделуге тырысамыз. Сондықтан жалпы саланың одан әрі дамуына тек бірлесе үлес қоса алатынымызды көріп отырмыз, - деді Ресей Ұлттық аяқ киім одағының (NOBS) бас директоры және Euro Shoes premiere collection халықаралық аяқ киім көрмесінің негізін қалаушысы Ян Беляев.

Ресейлік үлпек-ұлпан одағының (РПМС) президенті Сергей Столбов тері нарығындағы жағдай туралы сөз қозғап, сарапшы саланың қиын кезеңдерді бастан кешіріп жатқанын атап өтті: «7-9 жыл шамасында халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуі тіркеліп отыр. Біздің салаға қарсы әсер ететін көптеген факторлар бар: Пандемия бәріміздің жағдаймызыды қиындатқаны сөзсіз, оның салдарын бүгін де сезудеміз. Сонымен қатар геосаяси жағдай да шиеленісіп жатыр. Бірақ қалай болғанда да, тері өнімдері бар, ертең де және тағы 70-90 жылдан кейін де бола бермек. Бұл ұзақ мерзімді салымдар».

Бұған қоса іс-шараға шетелдік қатысушылармен қатар қазақстандық көрмеге алғаш рет Лондоннан келген әлемге әйгілі International Fur Federation (IFF) Халықаралық Тері Федерациясының өкілдері келді. IFF қаржы және жаһандық іс шараларға қатысу жөніндегі директоры Киран Махмуд атап өткендей: «Халықаралық тері федерациясы үшін Elite Line көрмесінің сәтті өтуіне өз үлесімізді қосу және қоғамдастықпен тәжірибемізбен алмасу үлкен құрмет. Осы жобаға қатысу арқылы біз жауапты тәжірибелерді, тұрақтылықты және тері мен былғарыны, сұлулықты насихаттауды мақсат етеміз».