Central Asia Fashion халықаралық сән көрмесін ұйымдастырушы Catexpo көрме компаниясы 2023 жылғы көрменің жаңа маусымына дайындық басталғанын хабарлайды.
Орталық Азиядағы fashion ритейлдің жетекші бизнес-шарасы дәстүрлі түрде «Атакент» ҚІЫО-да 2023 жылдың 13-15 наурызы аралығында өтетін болады.
Түркия, Франция, Италия, Молдова, Ресей, Өзбекстан және басқа да бірқатар елдердің халықаралық брендтері 2023/24 жылғы жаңа топтамаларын ұсынады.
Ұйымдастырушылар жергілікті экспоненттердің, ірі және бизнес пен сатып алушылардың сеніміне кірген экспоненттердің, сондай-ақ жаңадан келгендердің саны арта түсетініне сенімді. Жобаның тұрақты миссиясы білім мен тәжірибе алмасу және өнімдер мен қызметтерді ұсыну үшін саланы біріктіру болып қала бермек. Көрмедегі бұл даму жолы өзгеріссіз жалғасатын болады.
Central Asia Fashion ұйымдастыру комитеті шараға дайындықты бастап кетті. Көрме аясында коллекцияларға алдын ала тапсырыстар беріліп, сатып алулар жүзеге асырылады, подиумда байерлер мен дизайнерлердің көрсетілімдері өтеді, бизнес-бағдарламалар бірден бірнеше бөліктерге бөлініп ұсынылатын болады. Олардың ішінде: салалық бизнес-конференция, B2B кездесулері мен нетворкинг, mini MBA білім беру бағдарламалары, кеңес беру орталығы, вакансиялар жәрмеңкесі мен "Бір сағатқа стилист" қызметі бар.