B2B жобасының тарихындағы ең ауқымды мерейтойлық 30-шы маусым өз алаңында 109 сән брендтерін қарсы алды. Көрме қатысушылары байерлердің алдын ала тапсырыс беруі мен сатып алуы үшін Түркия, Ресей, Молдова, Тәжікстан, Беларусь, Италия, Қытай, Польша, Қазақстан елдерінен алып келген топтамаларын ұсынды.
Көрме өткен үш күнде қатысушылардың стендтерін Орталық Азия елдерінен 7 470 бейінді маман тамашалады. Олардың ішінде Central Asia Fashion көрмесіне 5 220 келушілер арнайы осы көрмені көру үшін келсе, Elite Line аяқ киім, үлбір, былғары және аксессуарлардың мамандандырылған көрмесіне 2 250 сатып алушы тіркелген. Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан, Ресейден және Түркиядан келген fashion мамандары келесі маусымға арналған топтамаларға алдын ала тапсырыс беру мен сатып алуға жоғары қызығушылық білдіріп, белсенділік танытты.
Көрменің тақырыптық бөлімдерінің ішінде ең көп ұсынылғандары: әйелдер, ерлер және балалар киімдері, бас киімдер, сырт киімдер мен тондар, спорттық киімдер мен джинсалық киімдер, іш киімдер, сондай-ақ сөмкелер мен сәнді аксессуарлар. Әр бағыт стендтерде де, подиумда да көрініс тапты: көрме өткен 3 күн ішінде 2023 жылдың көктемінде өзекті болатын брендтердің 40-тан астам сән топтамалары көрсетілді.
Central Asia Fashion бизнес-конференциясы
Нарық сарапшылары мен БАҚ өкілдері арасында ерекше танымалдылыққа ие болған CAF бизнес-конференциясы көрмеге келушілердің үмітін жылдағыдай ақтап шықты. Өзекті тақырыптар, қызу пікірталастар мен бірегей аналитика мен болжамдар ешбір қатысушыны бей-жай қалдырмады. Сондай-ақ көрмеге келушілер бизнес-конференциядан тыс уақытта сарапшылармен тілдесіп, бизнесті дамыту үшін пайдалы ақпарат ала алғанын да атап айту керек. Іс-шараның барлық үш күнінде көрме алаңында арнайы жабдықталған тегін кеңес беру орталығы жұмыс істеді, онда fashion ритейлінің жетекшілері жүйелі басқару, мерчандайзинг, ассортиментті басқару, жоспарлау және сату, кадрларды іріктеу және оқыту, қаржы және бухгалтерлік есеп, салықтық есеп және аудит бойынша ұсыныстарымен бөлісті.
Арнайы жобалар
Орталық Азияда алғаш рет Central Asia Fashion аясында «бір сағатқа стилист» қызметін сатып алу кәсіби қолдау көрсету қызметі ұсынылды. Стилист-тәжірибешілер тобы сатып алушыларға табысты коллекцияларды жинауға, дүкеннің тауарларын есептеуге және сатып алу бюджетін қалыптастыруға іс жүзінде ат салысты.
Тағы бір арнайы "CAF вакансиялар жәрмеңкесі” жобасы жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге Қазақстанның жетекші fashion компанияларындағы ашық вакансияларды ұсынды. Келушілер түйіндемелерін қалдырып, кәсіби HR мамандарымен қысқа сұхбаттан өтті.
Central Asia Fashion көрмесінің ашылу салтанаты аясында ANDRES скаут агенттігімен бірлесіп қазақстандық дизайнерлердің қайырымдылық балалар шоуы өтті, онда Қазақстанның бес қаласынан (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей және Қарағанды) келген 4 пен 14 жас аралығындағы балалар арнайы қазақстандық дизайнерлер: Лария Джакамбаева, Татьяна Жукова, Наталья Мичураева, Эльмира Джоланашева және Сабина Вольскаяның маусымдық коллекцияларын ұсынды.
CATEXPO көрме компаниясының іс-шараны ұйымдастырушылары бизнеске нақты және жүйелі түрде кіріскен. Алдымыздағы 2023 жылы болатын көрмелердің уақыты белгілі болды: мысалы, CAF Spring-2023 халықаралық сән көрмесінің көктемгі маусымы 13-15 наурызда өтеді, ал CAF Autumn-2023 күзгі көрме салоны тамыз айында аяқ киім, үлбір, былғары және аксессуарлардың Elite Line мамандандырылған көрмесімен бірге өтетін болады. Келер жылы өтетін барлық көрмелердің орны – Алматы, «Атакент» ҚІЫО